Қытайда ұрланған бала 32 жылдан кейін адамдарды тану жүйесінің арқасында табылды
Қытайда ұрланған бала 32 жылдан кейін адамдарды тану жүйесінің арқасында табылды
315
оқылды
Қытайда адамдарды тану технологиясы арқылы 32 жыл бұрын ұрланған ұл отбасымен қауышты. Бұл туралы CNN хабарлайды. Мао Инь есімді баланы 1988 жылы Сиань қаласындағы Шэньси провинциясында қонақ үйдің жанында ұрлап кеткен. Содан кейін оны көрші Сычуань провинциясында баласы жоқ жұпқа сатқан. Мао биологиялық ата-анасы оны отыз жылдан астам уақыт іздестіріп жүргенін білмеген. Сәуір айының соңында Сиандағы полиция 1980 жылдары Сычуань провинциясында тұратын ер адам Шэньси провинциясынан бала сатып алғаны туралы хабарлама алған. Полиция Мао-ның бала кезіндегі суретін талдау үшін адамдарды тану технологиясын пайдаланып оның есейгендегі түрін шамамен бейнелеген. Кейін оны ұлттық дәйектер қорындағы ақпараттармен салыстырған. Бірнеше тергеу мен салыстырудан кейін полиция Мао-ға ұқсас адамды Мяньян қаласында тапты. Кейінірек ДНК сынағының арқасында екеуі бір адам екені анықталды.  width= Дүйсенбі, 18 мамыр күні 34 жасар Маоны баспасөз конференциясында биологиялық ата-анасымен таныстырды. Қазір Мао Сычуандағы үйлерді сәндеумен айналысады. Ол өзінің биологиялық ата-анасымен өмір сүру үшін Сианға көшетінін айтты. Мао жоғалғаннан кейін оның анасы жұмыстан шығып, бар уақытын ұлын іздеуге арнады. Ол 100 мыңнан астам парақшаларды таратып, көптеген ұлттық телевизиялық бағдарламаларға қатысты. Ол сондай-ақ ерікті болып, жоғалып кеткен басқа балалар туралы ақпарат жинап, олардың 29-ы өз отбасыларына қайтаруға көмектесті.