Жамбыл облысында аса ауыр қылмыс жасаған Өзбекстан азаматы іздестірілуде
Жамбыл облысында аса ауыр қылмыс жасаған Өзбекстан азаматы іздестірілуде
230
оқылды
Жамбыл облысында аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 1966 жылы туған Өзбекстан азаматы Дилмурат Нармұратов іздестірілуде. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Онда қылмыскердің арық денелі, бойы орташадан жоғары, мұрнында тыртығы бар екендігі, үстіне камуфляжды күртеше мен джинсы шалбар кигендігі айтылған. Сондай-ақ, азамат Дилмурат Нармұратовтың орналасқан жері туралы хабар берген адамға сыйақы беру көзделгендігі жазылған.
«Қандай да бір мәліметтер бар адамдардың барлығына 8(7262)997137, 997236 телефондары немесе «102«пультіне қоңырау шалуыңызды өтінеміз. Анонимдік кепілдік беріледі», - делінген ведомство хабарламасында.