Мұнай кен орындарындағы жұмысшылардың бала-шағасы да коронавирусқа шалдығып жатыр
Мұнай кен орындарындағы жұмысшылардың бала-шағасы да коронавирусқа шалдығып жатыр
Фото: Интернеттен алынды
366
оқылды
Еліміздегі мұнай кен орындарында індет дендеп барады. Теңіз кенішіндегі ахуалға байланысты үкіметтік комиссия құрылып, тексеруге кірісті, – деп хабарлайды КТК. Оңтүстіктегі қара алтын өңдейтін зауыттағыларға да қауіп төніп тұр. «Петро Қазақстан» компаниясында вирус жұқтырғандар саны 100-ден асқан. Тіпті еншілес мекеме қызметкерлері мен мұнайшылардың бала-шағасына жұққаны белгілі болып жатыр. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде вирус жұқтырғандар саны мыңға таяп қалды. Қазір бұл жақта үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар бұған дейін қабылданған вирусқа қарсы жоспардың қалай жүргізіліп жатқанын тексереді. Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек: «ТШО» мердігерлерінің орналасқан жерін анықтауға қатысты арнайы жоспар құрады. Сонымен қатар карантиндік аймақтардағы бақылаусыз кіріп-шығуға тыйым салу, сонымен қатар кезекшіліктегі адамдардың санын анықтау, өндірістік процеске қатынаспайтын адамдардың орнын тексеру және оларды шығаруды ұйымдастыру туралы нақты шешім қабылданады деп жоспарланып отыр», – дейді. Тек Атырауда ғана емес, Шымкент пен Қарағандыдағы кен орындарында коронавирус жұқтырғандар көптеп табылып жатыр. Мұнай өндірумен айналысатын  «Петро Қазақстан» компаниясында 100-ден аса жұмысшының үйіндегі бала-шағасына да коронавирус тарап жатыр.