ҚР Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, Қазақстан халқының саны 18 млн 46 мың 900 адамға жетті.
Халық саны 2019 жылдың 1 мамыры бойынша 18 млн 468 мың 900 адамға жетіп, былтырдан бері 239 900 адамға көбейген.
Қала халқының саны - 10 млн 751,4 мың адам. Ауылда тұратындардың саны - 7 млн 717,5 мың. Биыл қаңтар-сәуір айларында республикада 1 жасқа дейінгі 1 138 бала шетінеген (былтыр - 1 095 бала). Бала өліміне негізінен перинаталды кезеңдегі жағдайлар себеп көрінеді. Осы себептер бойынша қаңтар-сәуір аралығында 584 бала көз жұмған ( былтыр – 506 бала). Аномалиямен туған балалардың 223-і (былтыр - 239) қайтыс болған. Тыныс алу жолдарының ауруынан 92 бала, қайғылы жағдайлар мен уланудан, жарақаттардан 37 бала жан тапсырған.
Биыл қаңтар-сәуір айларының аралығында Қазақстанға келушілердің саны 10,8 пайызға азайып, кеткен азаматтардың саны 23,4 пайызға артты. Миграциялық келіп-кетуде ТМД-ның үлесі көп. ТМД-дан келген және кеткендердің үлесі - 83,4 пайыз. Ел ішіндегі миграция 15,7 пайызға көбейген. Атап айтқанда, Маңғыстау облысы (579), Шымкент қаласы (2 768), Нұр-Сұлтан (8 463) мен Алматы (9 363) қалалары.