1 000 отбасыға – 1 000 себет
1 000 отбасыға – 1 000 себет
234
оқылды
Шымкентте #BizBirgemiz республикалық акциясы аясында  Nur Otan  партиясының белсенді мүшелерінің демеушілігімен  қайырымдылық шарасы өтті. Қасиетті Рамазан айындағы Ораза айт мерекесі қарсаңында халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында Шымкенттегі 1 000-ға жуық мұқ­таж отбасыға азық-түлік жиын­тығы үлестірілді. «Өздеріңіз білесіздер, Тұңғыш Президент, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың бастамасымен #BizBirgemiz қоры құрылған бола­тын. Республикалық қор­дың көмегімен Шымкент қала­сын­дағы аз қамтылған 41 630 адамға 50 мың теңгеден көмек қаржы берілді. Сонымен қатар Шым­кенттегі филиал тара­пы­нан аймақтық қор құры­лып, бүгінгі таңда 7 500-ге жуық мұқ­таж жандарға түрлі кө­мек­­ берілуде», – деді Nur Otan пар­тия­сының Шымкент қала­лық фи­лиалы төрағасының орын­ба­сары Мұратәлі Қалмұратов. Азық-түлік себеттерінің ал­ғашқы партиясы Еңбекші ауда­­нына қарасты Елтай ауы­лына жөнелтілді. Естеріңізде болса, 13 сәуір күні қатты жауған нөсер­ден Елтай ауылында 110 үйдің ауласына, 32 үйдің ішіне су кірген болатын. Партияның бұл жолғы азық-түлік жиынтығы осы­нау су тасқынынан зардап шек­кен азаматтарға таратылды. «Ауы­лы­мызды су басып, қиналып қал­ған кезде бүкіл әкімдік қыз­мет­­кер­лері, солдаттар, Nur Otan партиясының басшылығы келіп, жәрдем беріп жатты. Қан­шама техника келді. Міне, тағы да азық-түлікпен көмектесуде. Ел басына күн туған сәтте қол­дап отырған билікке, партия бас­шы­­лығына айтар алғысымыз шек­сіз» дейді Елтай ауылының тұрғыны Батпа Қалтаева. Nur Оtan партиясы белсенділері, Jas Otan Жастар қанатының жастары мен еріктілері аталған азық-түлік себеттерін 3 күн ішінде тұр­ғын­дарға жеткізіп бермек.  

Назгүл НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы