Кентау орталық қалалық ауруханасының базасынан инсульт орталығы ашылды. Бас миының компьютерлік томографиясы инсульттың және бас ми жарақатына нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Кентау орталық қалалық ауруханасында инсультпен сырқаттанған науқастар ем қабылдай алады. Осы уақытқа дейін олар Түркістан қаласындағы инсульт орталығына жолданатын.
Жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен 2018 жылдың шілде айында Optima 540 компьютерлік томографиясы 269 500 000 теңгеге сатып алынған еді. Бұл аппарат арқылы дертті сырқаттанудың ерте кезеңінен-ақ анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, ісіктер, басқа да қабыну процестері, сүйек құрылымындағы аурулар және т.б. дерттермен күресуге болады.
Сонымен бірге, ауыр жағдайларда ағзаны контрастпен тексеруге болады. Ол үшін қосымша инжектор құралы орнатылған. 2019 жылдан бастап Кентау орталық қалалық ауруханасының базасында Кентау қаласы мен оған қарасты ауыл тұрғындарына орталықтандырылған зертхана қызмет көрсетіп келеді. Атап айтқанда, биохимиялық, сералогиялық, клиникалық, гемотология, когулограмма, ИФА, БАК, циталогиялық зертхана талдаулары автоматтандырылған медициналық зертханалық құрал-жабдықтармен талдама қорытындылары беріледі. Аталған орталық қазіргі таңда 200 000 халықты қабылдап отыр.
Ауруханада 50 күндізгі, 10 ақылы және 322 стационарлы төсек бар. Осы жылдың қаңтар айынан бастап Кентау орталық қалалық ауруханасы және оған қарасты бөлімдерде науқастар тарихы тегіс электронды тіркеуге өткен. Аурухананың қабылдау бөлімі цифрлық SOS «Көмек» бағдарламасымен жабдықталған. Қазіргі таңда хирургиялық, гинекологиялық және потологиялық оталар лапараскопиялық әдіспен жасалып жатыр.
2019 жылдың басынан бастап ауруханада 20 орындық инсульт орталығы қызмет көрсетіп келеді. Бүгінгі таңға дейін 50 науқасты емдеп шығарған. Аурухана бөлімдері 100 пайыз компьютерлік техникамен жабдықталған. Мұнда жалпы саны 529 қызметкер бар. Оның ішінде 55 дәрігер, 290 орта буынды медицина қызметкері, 148 кіші буынды және 36 әртүрлі қызметкер жұмыс істеп жатыр. Дәрігерлер де жоғары білікті. Олай дейтін себебіміз – мұнда 27 жоғары категориялы дәрігер және 129 жоғары категориялы мейірбикелер қызмет етеді.