Президент Үкімет басшысымен кездесті
Президент Үкімет басшысымен кездесті
410
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.

Қазақстан Президенті Пре­мьер-министрге шұғыл түр­де Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

– Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғы­сы­нан тиімді болуы керек. Сон­дық­тан ол нақты мұқтаж жан­дар­ға ғана бағытталуы шарт, – де­ді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Кездесу соңында Мемлекет бас­шысы бірқатар нақты тап­сырма берді.