Мақтааралда жатақхана мен моншада тұрып жатқан 28 отбасына жаңа баспана салынады
Мақтааралда жатақхана мен моншада тұрып жатқан 28 отбасына жаңа баспана салынады
© Сурет ғаламтордан
292
оқылды
Мақтаарал ауданында апатты жағдайдағы ескі ғимараттарда тұрып келген 28 отбасыға қосымша баспана салынатын болды. Бұл туралы Үкімет Басшысы Асқар Мамин апат аймағына келген жұмыс сапары барысында мәлімдеді, – деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Тұрмысы төмен отбасылар бұған дейін су басқан Өргебас ауылындағы бос тұрған ғимараттарды паналап келгені анықталған. Ескі жатақхана мен моншада, балабақшада күнелтіп келгендердің баспанасы барын растайтын ешбір құжаты да болмаған. Осындай тұрғындардың бірі Шолпан Боранова жаңадан үй берілетінін естіп, қуанып отырғанын айтады. «Мен осы жерде өмірімнің соңына дейін тұратын шығармын деп ойлағанмын, негізі. Өмірімде жаңа баспаналы боламын деп ойламаппын да. Себебі үш баланы жалғыз өзім бағып келемін. Үлкен үйді мен қалай саламын? Тапқаным бала-шағамнан артылмайды. Ендігі жерде жаңа үй беріледі деп естіп жатырмыз. Өз кезегінде бізге осындай жағдай жасап жатқан билік басындағылар мен барша қазақстандықтарға алғыс айтқым келеді»,- дейді Өргебас ауылының тұрғыны Шолпан Боранова.