Қазандықтың жұмысымен танысты
Қазандықтың жұмысымен танысты
452
оқылды
Nur Otan партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақов Павлодар ауданы Новочерноярка ауылына барып, ондағы қазандықтың жұмысымен танысты. Осы жылдың 18 ақпанында Nur Otan пар­тия­сы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Әбілқайыр Сқақовпен бірге жергілікті тұр­ғындармен кездескен болатын. Сол кезде ауыл тұрғындары 16 көппәтерлі үйлерде орталық жылу жүйесінің жоқтығын айтып шағымданған еді. Nur Otan партиясы облыстық филиалының тө­рағасы жаңа қазандық құрылысындағы ат­қа­рылып жатқан жұмыстарды тексеріп, кешенді ара­лады. Биылғы жылы қазандық бірқатар үйлерді, әлеуметтік нысандарды және жеке секторды жылумен қамтамасыз етуі қажет. Бұдан басқа, атал­ған ауылда су құбырының құрылысы бас­талды. Оны биылғы жылы пайдалануға беру жос­парланып отыр. Тексеріс барысында Әбілқайыр Сқақов жер­гілікті әкімдік пен мердігер ұйымдардың жұ­мысы және жоспарларымен егжей-тегжейлі та­нысып, оларға бірқатар тапсырма берді. Ол сон­дай-ақ кездесу соңында партия тарапынан ауыл­дағы салынып жатқан барлық құрылыстарға тұрақ­ты бақылау жүргізіп отыратынын жеткізді.  

Абылайхан ЖҰМАШ