Басталған іс аяқсыз қалмайды
Басталған іс аяқсыз қалмайды
386
оқылды

Ақтау қаласында «Мұнайтелеком» мекемесінің Nur Otan партиясы бастауыш ұйымы сайлау нәтижесі жайында жиын өткізді.

«Мұнайтелеком» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қ.Артықбай Президент сайлауы­ның өтуі ел күтпеген өзгеріс екенін атап өтті.

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың баршаның игілігі үшін жасалған бағдарламасы қоғамдағы өзекті, халықтың көкейіндегі мәселені дөп басты. Bіrge акциясы аясын­да «Есіктен есікке» шарасы бары­сында тұрғындармен жүздесті. Әрбір тұрғынның айтқан талап-тілегі ескерусіз, елеусіз қалмайды. Тоқаев ұсынған «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» қағидаларын бас­ты назарда ұстап отыр. Бағдарлама бұған дейін іске асырылып жатқан ауқымды жобалардың заңды жал­ғасы. Басталған іс аяқсыз қалмауы тиіс. Аймақтарда іске асатын жо­ба­лар дер уақытында іске асса, өңір­лер дамиды, – деді Қ.Артықбай.

Түсіндіру жұмыстары кезінде Ақтау қалалық Қоғамдық штабы­ның басшысы С.Еңсегенов, қала­лық мәслихат депутаты Қ.Есетов және штаб өкілі Қ.Дәулетбаева халықпен жүздесуде айтқан мәсе­лелер кезең-кезеңімен шешіледі. Халықпен тікелей жүздесудегі негізгі мақсат – бағдарламаны ха­лыққа жеткізу, түсіндіру. Азамат­тарды мемлекет тарапынан төле­нетін әлеуметтік жәрдемақылар, тұрақты жұмыспен қамту, баспана­мен қамтамасыз ету мәселесі тол­ған­дырады. Бұл мәселе жайында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халық­тың барлық тобы үшін тұрғын үй мәселесін түбегейлі шешеміз. Барлық тұрғын үй бағдарламалары бірегей тұрғын үй құрылысы сая­са­тына біріктіріледі», – деп атап өткен болатын.

Жүздесу нәтижесінде, «Мұнай­телеком» қызметкерлері елімізді дамытуға әрбір азамат атсалысуы тиіс деген ойын жеткізді. Олардың пікірінше, сайлау жоғары деңгейде өтті. Азаматтар еш кедергісіз өзі­нің конституциялық құқын пайда­ланып, дауыс берді. Сайлаушылар жоғары азаматтық жауапкершілік танытты. Комиссияның өкілдері міндеттерін толықтай атқарды. «Мұнайтелеком» мекемесі қыз­мет­­керлерінің 95% сайлауға қаты­сып, таңдауын жасаған болатын.


Майра БАҚЫТ