Ақтау қаласында «Мұнайтелеком» мекемесінің Nur Otan партиясы бастауыш ұйымы сайлау нәтижесі жайында жиын өткізді.
«Мұнайтелеком» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қ.Артықбай Президент сайлауының өтуі ел күтпеген өзгеріс екенін атап өтті.
– Қасым-Жомарт Тоқаевтың баршаның игілігі үшін жасалған бағдарламасы қоғамдағы өзекті, халықтың көкейіндегі мәселені дөп басты. Bіrge акциясы аясында «Есіктен есікке» шарасы барысында тұрғындармен жүздесті. Әрбір тұрғынның айтқан талап-тілегі ескерусіз, елеусіз қалмайды. Тоқаев ұсынған «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» қағидаларын басты назарда ұстап отыр. Бағдарлама бұған дейін іске асырылып жатқан ауқымды жобалардың заңды жалғасы. Басталған іс аяқсыз қалмауы тиіс. Аймақтарда іске асатын жобалар дер уақытында іске асса, өңірлер дамиды, – деді Қ.Артықбай.
Түсіндіру жұмыстары кезінде Ақтау қалалық Қоғамдық штабының басшысы С.Еңсегенов, қалалық мәслихат депутаты Қ.Есетов және штаб өкілі Қ.Дәулетбаева халықпен жүздесуде айтқан мәселелер кезең-кезеңімен шешіледі. Халықпен тікелей жүздесудегі негізгі мақсат – бағдарламаны халыққа жеткізу, түсіндіру. Азаматтарды мемлекет тарапынан төленетін әлеуметтік жәрдемақылар, тұрақты жұмыспен қамту, баспанамен қамтамасыз ету мәселесі толғандырады. Бұл мәселе жайында Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халықтың барлық тобы үшін тұрғын үй мәселесін түбегейлі шешеміз. Барлық тұрғын үй бағдарламалары бірегей тұрғын үй құрылысы саясатына біріктіріледі», – деп атап өткен болатын.
Жүздесу нәтижесінде, «Мұнайтелеком» қызметкерлері елімізді дамытуға әрбір азамат атсалысуы тиіс деген ойын жеткізді. Олардың пікірінше, сайлау жоғары деңгейде өтті. Азаматтар еш кедергісіз өзінің конституциялық құқын пайдаланып, дауыс берді. Сайлаушылар жоғары азаматтық жауапкершілік танытты. Комиссияның өкілдері міндеттерін толықтай атқарды. «Мұнайтелеком» мекемесі қызметкерлерінің 95% сайлауға қатысып, таңдауын жасаған болатын.
Майра БАҚЫТ