Үміт сәулесі сөнбейді

Үміт сәулесі сөнбейді

Нұр-Сұлтанда Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының ұйымдастыруымен донор күніне арналған акция өтті. Дүниежүзілік қан доноры күніне ұйымдастырылған шараны Транзфузиология ғылыми-өндірістік орталығының директоры Сания Абдрахманова ашып, шақырылған құрметті донорлар мен қонақтарды құттықтады.

Сондай-ақ шараға қатысқан Қазақстандағы ДДСҰ-ның өкілі Олег Честнов, Астана медицина университінің деканы Алтынбек Нұрболханов, Nur Otan пар­тиясы «Бірлік» филиалы тө­рағасының бірінші орынбасары Чингисхан Қожахметов сөз алып, азаматта­рымыздың өмірін сақтап, денсау­лық сақтау са­ласына үлкен үлес қосып жүрген донорларға риза­шылығын білдірді. Ал донор Пармбек Сарыбасов болса, барша қауым­ды саламатты өмір салтын ұстауға шақырып, қан тапсыру­дың үлкен ерлік екенін айтты. Қиын сәтте осылай қол ұшын созуға шақырды. Жанға жылу, көңілге үміт сыйлайтын маңыз­ды шара­ның жалғасын табуына тілек білдірді.


Аталған орталыққа тіркелген құрметті донорларға Трансфу­зиология ғылыми-өндірістік ор­талығының атынан салтанаттты түрде алғысхат пен сыйлық тап­сырылды.

Ерікті донорлықтың дамуына үлкен үлес қосып жүрген Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік ұйымдары, ұлттық компаниялары мен кәсіпорындардың қызмет­керлері жыл сайын осы шараға белсене қатысады. Акция қы­зықты және мазмұнды бағдарла­мамен жалғасып, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен «Нұрсәулем-ай» би ансамблі өнер көрсетті.


Сая МҰРАТҚЫЗЫ