Ішімдіктің коронавирусқа қалай әсер ететіні белгілі болды
Ішімдіктің коронавирусқа қалай әсер ететіні белгілі болды
© The Conversation
254
оқылды
Ресейлік тұтынушылар құқығын қорғайтын қызмет өкілдері құрамында спирті көп алкогольдердің коронавирусқа қалай әсер ететінін айтты, - деп хабарлайды Lenta.ru. Дереккөз мәліметінше, алкоголь коронавирусты жояды деген жаңсақ пікір қалыптасып кеткен. Алайда, мамандардың сөзіне сенсек, бұл жағдайда алкоголь керісінше иммунитет жүйесіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан да дәрігерлер ішімдікті жиі ішпеуге кеңес береді.
Алкоголь инфекциялық ауруларды асқындырып, психиканы бұзып, COVID-19 жұқтыру қаупін арттырады дейді мамандар.
Еске салайық, мұның алдында ресейлік вирусолог Надежда Жолобак коронавирус кезінде қолдануға болмайтын дәрілерді атаған еді. Дәрігердің сөзінше, Франция және Италия зерттеулерінің нәтижесі бойынша, ол препараттар вирус жұқтыру қаупін арттырады.