Елордада University Medical Center корпоративтік қорының республикалық диагностикалық орталығында президент сайлауының қорытындысы жөнінде жиын өтті.
Президент сайлауында дәрігерлер белсенділікпен атсалысты. Олар сайлау учаскелерінде тәуелсіз бақылаушы болып, азаматтық борышын жауапкершілікпен атқарды. Республикалық диагностикалық орталықтың директоры Руслан Ахметов сайлаудың қорытындысы туралы айтты.
– Сайлау – қоғам өміріндегі ең маңызды оқиға. Дәрігерлер бағдарламада аталған басымдықтарды талқылап, оның біздің жұмысымызға жаңа серпін беретінін айтты. Нақты айтар болсақ, дәрігерлер бірінші кезекте баспанамен қамтылады. Шалғай аймақтардағы дәрігер тапшылығы жойылады. Медицинаның үздіксіз дамуына орай, жаңа мамандықтарды, медициналық құрал-жабдықтарды жетік меңгерген мамандарды даярлауға басымдық беріледі, – деді Руслан Ахметов.
Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламасында денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығынды тұрақты негізде арттырып, ІЖӨ-нің 5 пайызына дейін жеткіземіз деген болатын. Сонымен қатар әрбір қазақстандық үшін сапалы медициналық қызмет қалада да, ауылда да қолжетімді болады. Цифрлы медицинаны дамытуға басымдық бере отырып, медицина ғылымындағы жаңа жетістіктерді енгізеді. Ауыл тұрғындарының алғашқы диагностика мен скринингтен өтуін қамтамасыз етеді. Ауылда мобильді дәрігерлер тәжірибесін енгіземіз, қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтерді және Ұлттық телемедициналық жүйені дамытады. Халықтың саламатты өмір салтын белсенді насихатталады.