Дәрігер тапшы болмайды

Дәрігер тапшы болмайды

Елордада University Medical Center корпоративтік қорының республикалық диагностикалық орталығында президент сайлауының қоры­тындысы жөнінде жиын өтті.

Президент сайлауында дәрі­гер­лер белсенділікпен атсалысты. Олар сайлау учаскелерінде тәуелсіз бақылаушы болып, азаматтық борышын жауапкершілікпен атқарды. Республикалық диагнос­тикалық орталықтың директоры Руслан Ахметов сайлаудың қоры­тындысы туралы айтты.

– Сайлау – қоғам өміріндегі ең маңызды оқиға. Дәрігерлер бағ­дарламада аталған басымдықтарды талқылап, оның біздің жұмысы­мызға жаңа серпін беретінін айт­ты. Нақты айтар болсақ, дәрігерлер бірінші кезекте баспанамен қам­тылады. Шалғай аймақтардағы дәрігер тапшылығы жойылады. Медицинаның үздіксіз дамуына орай, жаңа мамандықтарды, медициналық құрал-жабдықтарды жетік меңгерген мамандарды даярлауға басымдық беріледі, – деді Руслан Ахметов.

Қасым-Жомарт Тоқаев бағ­дарламасында денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығынды тұрақты негізде арттырып, ІЖӨ-нің 5 пайызына дейін жеткіземіз деген болатын. Сонымен қатар әрбір қазақстандық үшін сапалы медициналық қызмет қалада да, ауылда да қолжетімді болады. Цифрлы медицинаны дамытуға басымдық бере отырып, меди­цина ғылымындағы жаңа же­тіс­тіктерді енгізеді. Ауыл тұрғын­дарының ал­ғашқы диагностика мен скри­нингтен өтуін қам­та­масыз етеді. Ауылда мобильді дәрігерлер тә­жірибесін енгіземіз, қашықтықтан көрсетілетін медициналық қыз­меттерді және Ұлттық телемеди­циналық жүйені дамытады. Ха­лықтың саламатты өмір салтын белсенді наси­хатталады.


Майра БАҚЫТ