Он бағытты талқылады
Он бағытты талқылады
390
оқылды

Таразда Президент белгілеген негізгі 10 бағытты жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған басымдықтар ту­ралы айтқан болатын. Nur Otan партиясы Тараз қалалық фи­лиалы «Қамқор» бастауыш пар­тия ұйымында өткен жиынға партия Тараз қалалық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, об­лыстық наркологиялық дис­пансердің бас дәрігері Жақып Жексенбиев қатысып, аталған мәселелерді атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қа­сым-Жомарт Тоқаев он бағыт­тың бірінші және төртінші ба­ғыттарында халықтың табысын арттыру, жұмыс орындарын ашу және лайықты жалақымен қамту мәселелерін белгіледі. Бұл бірінші ретте елдің игілігі үшін жасалған қадам, – деді Жақып Жексенбиев.

Сондай-ақ «Қамқор» БПҰ мүшесі Берік Жүсіпәлиев ха­барлама жасап, Президент айқындаған басым бағыттардың ішінде тұрғын үй мен өңірлерді дамыту мәселелеріне тоқталды. Жиын соңында бастауыш пар­тия ұйымы мүшелері 10 бас­та­маның жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарын айтты.

 

Ерман ӘБДИЕВ,
Тараз қаласы