Карантин шектеулері бақыланды
Карантин шектеулері бақыланды
338
оқылды
Атырау қалалық мәслихат депутаты Қаршыға Джаумбаев Nur Otan партиясының Құрманғазы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссия мүшелерімен бірігіп, облыста жарияланған төтенше жағдайға байланысты, карантин шектеулерін, санитарлық сақтық шараларының сауда орындарында орындалу барысымен танысты. Рейд кезінде бірқатар нысан­дарда сақтық шаралары сақ­талғанымен, кейбір талап­тардың орындалуы соңғы мезгілде толық жүзеге асырылмай жүргені байқалды. Әсіресе, азық-түлік өнімдерінің шектеулі бағадан жоғары бағада сатылып жатқаны анықталды. «1001 ұсақ-түйек», «Мерей» дүкендерінде адам­дардың шамадан тыс көптігі, онда карантин тәртібінің толық сақталмауы, атап айтқанда ара­қашықты сақтамау, тұрғын­дардың дүкендерге бетперде кимей келетіні белгілі болып, дүкен қожайындарына қатаң түрде ескертпелер жасалды. Сауда орындарында каран­тин талаптарының сақталуын тексеру жұмыстары әлі де жал­ғасып жатыр. Карантин шектеу­лері тәртібінің орындалуы пар­тия филиалы жанындағы пар­тиялық бақылау комиссиясының үнемі бақылауында болады.  

Әбілмансұр ЖАСАН