Ересектерсіз Ертіске шомылу қауіпті
Ересектерсіз Ертіске шомылу қауіпті
5,329
оқылды

Ертіс өзенінің бойындағы жағажайларды және суға түсуге мүлде тиым салынған жерлерді тексеруге орай Семей қалалық ТЖБ қызметкерлері мен № 7 ҚБ ШААЖҚЖ отряды «Вельбот» моторлы қайығымен арнайы рейд жүргізді.

Рейд барысында Ертіс өзені бойында адамдардың жаппай шомылатын жерлері де толық тексерілді. Семей қалалық ТЖБ бас маманы Айгүл Мирсаитованың айтуынша, құтқарушыларды аса мазаландырған жайт, кәмелетке толмаған, яғни 11-13 жасар балалар ересектердің, әке-шешелерінің қарауынсыз суға шомылатындығы болып тұр. Бұл олардың өмірі үшін аса қауіпті.

– Балалар өздерінің тәжірибиесіздігінен суға мүлде шомылуға болмайтын жерлерде жүр екен, – деді Айгүл Мирсаитова. – Олар қауіпті мүлде ұға қоймайды. Адамдардың жаппай шомылатын жерлерінде патрульді рейд өткізу барысында ересек демалушылармен де әңгімелер жүргізілді. Су айдындағы қауіпсіздік туралы ескертпелер де таратылды. Осы орайда айта кеткен жөн, Семей қаласының тұрғындары мен Ертіс өзенін жағалай қоныстанған елді мекен жұртшылығына балаларға сақ болуды, қараусыз оларды суға түсуге жібермеуді қатаң талап етеміз.

Раушан Нұғманбекова,
Семей