Мақсат – өмір сүру жасын ұзарту
Мақсат – өмір сүру жасын ұзарту
384
оқылды

Nur Otan партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» бағдарламасының «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша комиссия отырысы өтті.

Nur Otan партиясының Орталық аппа­ратында партиялық куратор, Мәжіліс депу­таты Зәуреш Аманжолованың төра­ғалы­ғымен өткен жиында денсаулық саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Жиында «Денсаулық» 2016-2019 жыл­дарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджеттік және Ұлттық қоры қаражаттарының жұмсалуының тиімділігін талқылады. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асады.

Басты мақсат – 2050 жылға дейін стра­те­гияда көрсетілген дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде дамыған қоғам құру. Әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену. Дамушы елдердің арасында бәсеке жоғары. Оның ішінде денсаулық сақтаудың қазіргі заманға сай және тиімді жүйесін құрған жөн.

Бағдарлама шеңберінде үш жыл қоры­тындысы бойынша өмір сүру ұзақтығы был­­тыр 73,15 жыл болған. Денсаулық индек­сі – 0,818, халықтың медициналық көмектің сапасының деңгейі – 47,8%. Өлім-жітім – 3,1%, нәресте өлім-жітімі – 6,5, ана өлімі – 9,1%, қан айналым жүйесінің ауруынан болатын өлім-жітім – 6,5%, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жіті­мі – 8,2%, туберкулез дертінен болатын өлім-жітім көрсеткіші 29,4%-ға төмендеді.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 679,9 млрд теңге қаржы бөлінді. Болашақта іске асатын жаңа мемлекеттік бағдарлама­ның мақсаты – «Сапалы және қолжетімді денсау­лық сақтауды дамыту және туу кезіндегі күті­летін өмір сүру ұзақтығын 2025 жылы 75 жасқа дейін ұзарту.

Мақсатты жүзеге асыру үш деңгейден тұрады.      

Біріншіден, халық арасында саламатты өмір салтын ұстануды насихаттау. Екінші­ден, медициналық көмектің сапасын артты­ру. Адами капиталды дамыту, меди­ци­налық көмекті көрсету және денсаулық сақтауда бірыңғай цифрлық кеңістік құру арқылы жүзеге асырылады.

Үшіншіден, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қолдауға бағытталған. Оған мін­детті әлеуметтік медициналық сақтан­ды­руды жүзеге асыру, инвестициалық ахуал­ды жақсарту және денсаулық сақтауды тиімді басқару кіреді.