Табанды күрес қана табысты
Табанды күрес қана табысты
398
оқылды

Nur Otan партиясы Шымкент қала­лық филиалында кезектен тыс өткен президенттік сайлаудағы штаб жұмысын қорытындылау мақсатында саяси кеңес мәжілісі өтті.

Жиынға Nur Otan партиясы Шым­кент қалалық филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Бахадыр Нарым­бе­тов, Шымкент қаласы әкімінің орын­басары Гүлжан Құрманбекова, қала­­лық мәслихат хатшысы Ғани Ташқа­­раев, Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының саяси кеңес мүшелері, Шымкент қалалық мәслихат депуттары және БАҚ өкілдері қатысты.

Nur Otan партиясы Шымкент қала­лық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Бахадыр Нарымбетов ке­зек­­тен тыс өткен президенттік сайлау нау­қанында жүргізілген жұмыстарды айтып өтті.

– Сайлауалды науқанында Шым­кент қалалық қоғамдық штабы өз жұмы­сымызды толығымен жоғары дең­гей­де атқарып шықтық. Қоғамдық штаб құрамында 88 азамат, яғни танымал тұлғалар, қоғам қайраткерлері, олим­пиа­да чемпиондары, зиялы қауым өкіл­дері, қалалық филиал қызметкер­лері, журналистер мен жастар ұйым­да­ры­ның белсенділері аянбай еңбек етті. 9 маусым күні 260 сайлау учаскесінде 520 бақы­лау­шы мен 414 сенімді өкіл өзде­рі­не жүктелген міндеттерді толығымен орындап шықты. Сонымен қатар қала­мызда үгіт-насихат жұмыстарды жүргізу мақсаты бойынша 33 мобиль­ді топ құрылып, құрамында 400-ге жуық өкіл жұмыс жүргізді. 13 мамыр­дан бастап, өңірімізде Birge жалпы­ұлттық акциясы аясында 31 мыңнан астам азаматтан ұсыныстар мен тілектер келіп түсті. Әрбір іс-шарада қала тұрғындары кандидатымызды қолдайтындарын жеткізіп, нәтижесі бізді қуантты, – деді Бахадыр Нарымбетов.

Сонымен қатар саяси кеңес мәжілі­сінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған жаңа бағыт­тарды қолдауға Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының Саяси кеңес мүшесі Орынбай Рахманбердиев жемқорлықты жою керегін айтты.

– Он бағыттың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қарсы тұру. Жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін кесел. Мемлекетіміздің қауіп­сіздігіне қатер төндіретін құбылыс деген сөзі өте орынды айтылды деп ойлаймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмыстарды бәріміз жұмыла отырып, бірге жүзеге асыруымыз тиіс. Әр қазақ­стандық – бұл індетпен күресуді аза­маттық борышы деп білуі керек. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін бірік­тіріп, осы дерттің одан әрі ушық­пауы үшін оны тоқтатудың барлық амалын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұра аламыз, – деді Орынбай Рахманбердиев.

Қалалық мәслихаттағы ең жас депутат Шыңғыс Қозбақов Шымкент қала­сында Жастар мәслихаты құрыла­ты­нын қуанышпен қабылдағанын айтты.

– Бұл өз кезегінде жастар мәселесін­де шешілмей жатқан проблемаларды анықтап, күрделі шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Біздің жастар мақсат­ты, еңбекқор, шығармашыл, сондықтан Қазақстанның болашағы – жастардың қолында, – деді Шыңғыс Қозбақов.

Жиын соңында қатысушылар кезек­тен тыс өткен президенттік сайлаудың қорытындысына оң баға беріп, Мемлекет басшысы белгілеп берген он бағы­ты бойынша еліміздің дамуына аянбай еңбек етіп, үгіт-насихат жұмыс­тары жүргізілетінін жеткізді.

 

Майра БАҚЫТ