Елордада балабақшалар әзірге ашылмайды - Көлгінов
Елордада балабақшалар әзірге ашылмайды - Көлгінов
167
оқылды
Елордада балабақшалар маусым айының ортасына дейін ашылмайды. Бұл туралы «Хабар-24» телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты. «Қазіргі уақытта балабақшаларға қатысты мәселе бар. Екеуі де жұмыс істейтін және балаларын үйде қалдырып кетуге мүмкіндігі жоқ ата-аналардың өтініштерімен балабақшаларда кезекші топтар аштық. Жалпы, бізде балабақшаға баратын балалардың саны 55 мыңнан асса, қазіргі уақытта кезекші топтарға шамамен 3 мың сәби барып жүр. Сондықтан да біз балабақшаларды ашуға асыға қоймаймыз. Бұл мәселеге эпидемиологиялық ахуалға байланысты маусым айының ортасында ораламыз», - деді Алтай Көлгінов. Оның айтуынша, балабақшалардағы кезекші топта 15 баладан ғана болады. «Сонымен қатар жазғы лагерьлердің жұмысын да әзірше қайта жандандырмаймыз. Бұл мәселеге де эпидемиологиялық ахуалға байланысты біраз уақытта кейін қайтып оралаатын боламыз», - деді қала басшысы.