Жалақы мәселесін шешіп берді
Жалақы мәселесін шешіп берді
257
оқылды
Ақтөбе облыстық во­лейбол командасының құ­рамы жалақының кешеуіл­деуін айтып бірнеше рет шағымданған. Бұл мәселе Nur Otan партиясы филиалы кіріскен соң шешімін тапты. Аймақтағы партиялық ба­қылау комиссиясының отыры­сында барлық спорттық ойын өткізілгенімен, 20 спорт­шының 5 ай уақыт ішінде ақшасын ал­ма­ғаны белгілі болды. Ақтөбе облысының Денешынықтыру және спорт басқармасының бас­шылығы олардың жұмыс ак­тілеріне наурыздың басында қол қойғандарын жоққа шығармады. Бірақ кейіннен «ПОШ» сауық­тыру орталығын (оның құрамына волейбол ойыншылары кіреді) мемлекеттік сатып алудың күмәнді қатысушысы деп тану туралы сотқа шағым түсірген. Бұл ойыншыларға бөлінген ақшаны төлемеуге себеп болды. – Атқарылған жұмыстардың актісі бар, спорт командасы жарысқа кетті, ал волейбол­шылардың өздері қазір қиын жағдайда. Қарапайым адамдар зардап шекпеуі керек, – деп атап өтті партиялық бақылау коми­те­тінің төрағасы Сергей Вишняк. Отырыстың ертесінде облыс­тық Спорт басқармасы ойын­шыларға 11,7 миллион теңге көле­міндегі қарызын төледі.  

А.ЖАСАНҰЛЫ