Жайылымдарға мониторинг жүргізілді
Жайылымдарға мониторинг жүргізілді
251
оқылды
Еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – жайылым жер тапшылығы. Шаруалардың талап-тілегін ескерген Nur Otan партиясы республика бойынша жайылымдық жерге мониторинг жүргізіп жатыр. Орталық аппарат жанындағы Партиялық бақылау комитетінің тапсырмасына және бекітілген жоспарына сәйкес қолға алынған бұл жұмыс арқылы Қазақстандағы жайылымдық жерлердің тиімді пайдалануына, осы бағыттағы жұмыстарда қол­да­ныстағы заңдардың сақталуы туралы мәселені зер­делеу көз­делген.  Осыған орай, Түркістан об­лы­сының аудандарында да жайы­лымдық аумақтар тек­серілді. Соның бір-екеуіне тоқ­талсақ, Nur Otan партиясы Түлкібас аудандық филиалы жанынан құрылған Партиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес Түл­кібас ауданының жайы­лымдық аумақтарын мақсатты пайда­ланылуына сараптама жұмыс­тарын жүргізді. Түлкібас ауданының жалпы жер көлемі – 227 504 гектар болса, оның 57 858 гектарын жайылым құрайды. Мониторинг арқылы ауданда мал бағуға арналған жайы­лым тапшы екені анық­талды. Төлеби ауданында да осындай жұмыс атқарылды. Nur Otan партиясы Төлеби аудандық фи­лиалы жанынан құрылған Пар­тиялық бақылау комиссиясы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қо­ғам­дық кеңес арқылы жайы­лымдық аумақтардың мақсатты пайда­лануына сараптама жа­салды. Ауданның жалпы жер көлемі – 306 380 гектарды құраса, оның 26 056 гектары – жайылым. Зер­делеу нәтижесінде Төлеби ауда­нында мал басына қажетті жайы­лымдық жер көлемі тапшы кем екені анықталып, тиісті мәлімет­тер алынды. Жайылымдық жерді мақсатты әрі заңға сәйкес пай­далану, тұрғындардың мал шаруа­шылығымен айналысуына жағ­дай жасау мәселелері партияның бақылауында болады.  

А.ЖҰМАШ