Іс-қимыл Жоспары бекіді
Іс-қимыл Жоспары бекіді
389
оқылды

Мемлекет басшысы өзінің сайлауал­ды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарын бекітті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Игілік баршаға! Сабақ­тастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды тұғырнамасы мен «Бірге» жалпыұлттық акциясының барысында ел азамат­та­рынан келіп түскен ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл жос­па­рын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

Жарлық Президенттің сайлауалды бағдарламасында баяндалған Қазақ­станның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы жөніндегі барлық мін­деттердің нақты мерзімі мен жауап­ты мемлекеттік органдарды көр­сете отырып, уақтылы орындалуын қам­тамасыз етуге бағытталған.

Іс-қимыл жоспарына сот жүйесін жаңғырту, полиция қызметіне қоғам­дық бақылауды күшейту, мемлекеттік қыз­метті жетілдіру, квазимемлекеттік секторға қоғамдық бақылау мен есеп бе­руін күшейту, монополистер тарапы­нан бәсекеге кедергілерді жою және асыра пайдалануды болдырмау, азамат­тарға кепілді әлеуметтік қолдау көр­сетуде бірыңғай стандарттар белгілеу, олардың қаржылық мүдделерін қорғау және басқа да бірқатар іс-шараларды қамтыған. Кешенді және ұзақмерзімді сипаттағы ведомствоаралық іс-қимыл­ды қажет ететін мәселелерге қатысты мем­лекеттік органдар тарапынан жеке Жол картасы жасалады. Оны әзірлеуге қоғамдық сарапшылар тартылатын болады.

Бұл құжаттар Мемлекет басшы­сының жүктеген міндеттемелерінің нәтижелі әрі бекітілген мерзімінде орындалуын реттейді.

Жоспардың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелді.