Сана серпілісі
Сана серпілісі
314
оқылды

«Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының мемлекеттік қызметкерлерге арналған «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасына Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жетекшілік етуде.

Ол – рухани тазару процесі. Ұлттық сана серпілісі.

Өзгерісті өзіңнен бастау деге­німіз – өзгелердің қатесінен сабақ алып қана қоймай, жетістіктерінен де үлгі алу. Мемлекеттік органдар­дың ұйымдастырушылық мәде­ние­тіндегі өзгерістер мәселелері жан-жақты талқыланды. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің са­насын транформациялауға және тиімді жұмыс атқаруына кедергі келтіретін күнделікті жұмыстағы «қосымша» элементтерден арылту қажеттігі бар.

Статистикаға сенсек, мемле­кет­тік қызметкерлердің басым бө­лігі күн сайын міндеттерін адал атқарып, мемлекет пен оның аза­мат­тарының мүддесі үшін жұмыс істейді. Осыған қарамастан мемле­кеттік қызметкерге қатысты БАҚ-та және әлеуметтік желіде жазы­ла­тын түрлі кереғар дерек көбейіп тұр. Осындай жағдайда мемлекеттік қызметке тұруға талпыныс білдіріп, конкурстан өте алмай қалған ма­мандар ешқашан да өздерін жаз­ғырмайды. Байқаудағы сәтсіздігі үшін өзін емес өзгені жазғыруға пейіл тұрады. Қызметке тұру үшін жоғарыда танысыңның болуы керегін айтып, налиды. Бірақ одан еш пайда жоқ. Бұл жерде нақты іс пен әрекет керек. Яғни, өзгерісті өзіңнен бастауың қажет. Бүгінде білікті де білімді, тәжірибелі жас мамандар республикалық конкурс­тарға қатыстып, мемлекеттік қыз­метке жиі орналасады. Бұл қалыпты жағдайға айналды.

«Рухани жаңғыру» бағдарла­масының аясында қолға алынған басты мәселе – қызметкерлердің санасын өзгерту. Мемлекеттік қыз­меткерлерге қатысты көп мәселе олардың кейде халық алдында көрсететін бюрократиялық қы­лық­тарына қатысты көтерілсе, кейде кәсіби міндеттері мен әрекеттеріне адамдардың шағынуынан туын­дайды.

Елбасымыздың рухани жаңғы­руға, руханиятқа, білім мен ғылым­ға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құ­ралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды. Бұл ретте, тұтас қо­ғамның және әрбір қазақ­стан­дық­тың санасын жаңғыртудың нақты алты бағытына жеке-жеке тоқта­лады. Олардың қатарына бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы жата­ды. Бұл бағыттың барлығы да өзек­ті. Адам түзелмей заман да түзелмесі белгілі.

Әрбір мемлекеттік органда са­наны өзгерту бойынша тұжырым­дама жобасы енгізіліп, оның ба­сымдықтарына сәйкес «Өзгеріс­терді өзіңнен баста» кіші бағдар­ла­масы жүзеге асырыла бастайды. Сонымен қатар Агенттікте мем­лекеттік қызметшілердің санасын жаңғырту, талқылау және шешім­дерді қабылдау тетіктерін транс­формациялау арқылы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Жылдың басынан бері Агент­тіктің алқа отырыстарының жұрт­шылықпен сұхбаттасу тұжырым­дамасына негізделген жаңа фор­маты сынамадан өткізілді. Жергі­лікті атқарушы органдардың мем­лекеттік қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сарап­шылар тікелей эфирде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат, мемлекеттік қызмет саласындағы мәселелерді кеңінен талқылады. Ұжымның пікірін есеп­ке алу, әрбір адам өз бастамаларын көрсетуі үшін жағдайлар жасау мақ­­сатында оның мүшелерімен қа­рама-қарсы байланыс тетіктері енгізілуде, яғни ақпараттық жүйе­лер арқылы сауалнамалар жүргізілуде.

Стратегиялық сессиялардың форматы жұмысымыздағы форма­лизм мен бюрократизмді барынша жояды, стратегиялық ойлауды, креативтілік пен бастамашылықты дамытып, барынша ашықтықты қамтамасыз етеді.

Аппаратының жұмысын ұйымдастыру бойынша мәжілістер ішкі даму сессияларымен транс­фор­мацияланған, онда страте­гия­лық құжаттарды іске асырудың жедел мәселелері талқыланады.

Агенттік басшылығының әрбір бастамашыл қызметкермен және басқа мемлекеттік органдардың өкілдерімен тікелей байланысының тағы бір тетігі былтырдан бері ен­гі­зілген «Идеялар фабрикасы» болып табылады. Бұл алаңда әркім өзінің бастамасын Агенттік бас­шылығына тікелей көрсете алады. Бұндай тетік басқарушы тұлға­лар­дың, уәкілетті адамдардың арасын­да дағдыға айналған бюрократтық және иерархиялық кедергілерді болдырмайды. Қатардағы баста­ма­шыл қызметкерлер де стратегиялық шешімдерді қабылдай алады.

Бұдан басқа, 2019 жылдың ақ­панынан бастап Агенттікте Casual free fryday тәжірибесі енгізілді. Ол бойынша апта сайын мемлекеттік қызметкерлер әскери киім үлгісін еркін киім үлгісіне ауыстырады. Киім киюдің еркін үлгісі мемле­­кеттік қызметкерлерге жұмыста өз­­де­рін еркін сезінуге және шығарма­шы­­лықпен айналысуына ықпал етеді деп болжанады. Бірақ әлемде оның тиімділігі ежелден дәлелденген.

Осындай жаңашылдықтар нәтижесін бере бастады. Бұған мысал ретінде Агенттіктің жаңа жұмыс кестесін алуға болады. Қызметкерлер рухани дамуға ғана емес, физикалық дамуға да көп көңіл бөле бастады.

Әрбір мемлекеттік қызметкер өзінің алдында үлкен мүмкіндік тұрғанын түсінуі тиіс. Еңбек­қор­лығымен, табандылығымен, адал­дығымен, отансүйгіштігімен, жо­ғары моральдық және адами қа­сиеттерімен біздің еліміздің да­муына үлесін қосуы керек. Қол жет­кізген жетістіктерге қанағат­танып, тоқтап қалуға болмайды. Өйткені жылдам қарқынмен дамыған қазіргі заманғы техно­логиялар ғасырында бес минуттық кідіріс те кез келгенді артта қалдыра алады. Өзгерістерді өзіңнен баста!

 

Саян АХМЕТЖАНОВ,
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің аппарат басшысы