Шымкентте «Яндекс.Көлік» іске қосылды
Шымкентте «Яндекс.Көлік» іске қосылды
359
оқылды

IOS және Android-ке арналған «Яндекс.Көлік» қосымшасында Шымкент автобустарының жүру бағыты пайда болды. Енді қала тұрғындарына сапарды жоспарлау оңайырақ болды. Қосымша арқылы көлік қозғалысын қадағалап, аялдамаға келу уақытын біле алатын болды.

Аялдамада тұрып автобустардың жүру бағытын білу арқылы, алыс аудандарға жылдам жетудің картасын сызуға болады. Егер автобус лық толы болып келсе, онда келесі автобустың қанша уақытта жететін аңғаруға болады. Картадан автобустарды қай тұста келе жатқанын арнайы белгілерінен тануға болады. Белгіге бассаңыз, қосымша автобус бағытын және аялдамаларды көрсетеді. Қажетті маршруттар мен аялдамаларды қайта іздемеу үшін сақтап алуға болады. Яндекске автобустардың қозғалысы туралы деректерді «Диспетчерлік қызмет орталығы» ЖШС-ы, Шымкент әкімшілігі көлікті басқару кәсіпорны жібереді.

Бір жерден екінші бір жерге жетудің бірнеше нұсқасын ұсына алады. Егер мекен-жай, дүкен немесе басқа ұйымның атауын енгізсеңіз, Яндекс.Көлік жол нұсқаларын көрсетеді. Әр адам үшін жолдағы уақыт, ауысулар саны және жаяу өтілетін қашықтық көрсетіледі. Аялдаманы жіберіп алудан қорқатындар үшін қосымшада оятқыш бар: ол шығатын уақыт болғанда дабыл береді.

Яндекс.Көлік қосымшасын тек Шымкент қаласында ғана пайдаланбайсыз. Оның көмегімен Нұр-Сұлтан, сондай-ақ Ресей мен Беларусьтің 58 қаласында, Окленд, Тампер мен Хельсинкиде көлік қозғалысын бақылауға болады. Ондаған басқа қалада қосымша анықтама ретінде жұмыс істейді: аялдамалар мен маршруттар туралы ақпаратты көрсетеді. Көлік қозғалысы туралы деректер Яндекс.Карталар мен Яндекс іздеу қосымшасында да қолжетімді.