Түрмедегі төртеу
Түрмедегі төртеу
237
оқылды
– Қайда барамыз? – Айға барамыз! – Шыныңды айтсаңшы, ертең қайда барамыз? – Құдалыққа! – Тууу, айтсаңшы, төртеумізді қайда алып барады? – Мен қайдан білейін? – Мен білсем,.. – Ия? – Мен білсем... Ештеңе біл­меймін. – Онда неге далбасалап тұрсың? – Түрме бастығының ойы қиқым. – Не болса да, бостандыққа шы­ғатын болдық! – Қайдағы бостандық? Тамақ­тандырып, түнгі клубтарға апарып, қыдыртатын шығар? Сосын қайта­дан түрме... – Әзіліңді қоя тұршы? – Ойланайық, жігіттер, дайын болыңдар деді ме? – Деді. – Біздер үшін уайым жеді ме? – Жеді... – Мен білсем, жер аударамыз. – Жоқ, жұрт көріп қояды деп қорқады. Мен білсем, бірдеңе... – Жоқ, бізді үйіне қонаққа ша­қырды. – Түрме бастығы? – Ия. – Бетіңе сия! – Давай, түрмеден шыққан соң, күзетшілерді естерінен тандырып, қашып кетейік? – Қайда? – Қайтадан түрмеге... – Басың бөшке екен! Түрме бас­тығын орнынан алып, түрмеге ты­ғады ғой? – Неменеге жаның аши қалды? – Не болса да, ертең тыңқиып бір тоятын болдық. – Менің ет жегім келеді... – Менің сорпа ішкім келеді... – Әй, Сорпабай, ұйықтайық. – Ұйқым келер емес. – Менің де. – Менің де.. – Жігіттер, біз бақыттымыз! – Ия, түрме бастығы үйіне шақырып отыр. Құрметтеп. – Сыйлап... – Жүрген жоқ қой, қинап... Түрмедегі төртеуді, яғни қыл­мыс­керлерді сержант пен күзетші қарауылдап, камерадан жасырын алып шықты. – Қайда? – деп сұрады анау. – Жұмысың болмасын! – деді мынау. Сөйтсек, бұл төртеуін Қа­рағандыдағы «16 -шы түрме» деп ата­лып кеткен түрменің бастығы жекеменшік үйін қырнап, сылап, жөндеуге әкеліпті! Не деген ке­ремет идея? Бәрібір түрмеде босқа жатыр ғой? Оның үстіне құ­рылыстың майын ішкендер! «Мұр­ның барда, бір сіңбір!» деген осы шығар? Бірақ түрме бастығы сің­біре алмады. Бір оңбаған жансыз қауіпсіздік басқар­масына хабарлап қойыпты. Үйі жөн­деуден енді біте бергенде.... Енді бастықтан қорқып жібере салған, тиісті жерге ха­барламаған күзет­шілер де масқара болатын болды! Естімеген елде көп деген осы, ә?  

Жұмаштың ЖҮГЕРМЕГІ