М.Әшімбаев: Nur Otan Арыс тұрғындарына көмек көрсетеді
М.Әшімбаев: Nur Otan Арыс тұрғындарына көмек көрсетеді
315
оқылды

Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Бүгін Түркістан облысының Арыс қаласында орналасқан әс­кери бөлімнің аумағында жа­ры­лыс болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайдың зардаптарын жойып, жарылыстың себептерін анық­тау және тұрғындардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Өңірде облыс әкімі, партия­мыз­дың аймақтық фи­лиа­лының тө­раға­сы Өмірзақ Шөкеев жетек­ші­лік ететін жедел штаб құрылды», – делін­ген жазбада.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев бұл оқиға бойынша Nur Otan пар­тиясының белсенді әрекетін атап өткен.

«Қазіргі таңда Nur Otan пар­тиясының аймақтық және ау­мақ­тық филиалдарының өкілдері тұр­ғындарды қауіпсіз жерге кө­шіріп, орналастыру жұмыстарына бел­сенді қатысуда. Жергілікті жер­де партиямыздың облыстық фи­лиалының басшылығы әкім­дікпен және Төтенше жағдайлар де­партаментімен бірлесіп оқиғаға қа­тысты мәселелерді шешу жұ­мыс­тарын жүргізуде» дейді пар­тия Төрағасының Бірінші орын­басары.

Сонымен қатар ол партияның Арыс тұрғындарына қажетті бар­лық көмек шараларын қолға ала­тынын тілге тиек етеді.

«Біздің партия Арыс қаласы­ның тұрғындарына қажетті бар­лық көмек шарасын қолға алады. Азық-түлікпен және киім-кешек­пен қамтамасыз етуден бастап, олардың уақытша орналасу­лары­на, алдағы уақытта елдімекеннің инф­рақұрылымын қалпына кел­тіруге дейінгі жұмыстарға тікелей атсалысамыз. Бүгіннен бастап пар­тиямыздың Түркістан облыс­тық филиалы гуманитарлық кө­мек жинау жұмыстарын қолға ал­ды. Бұл жұмысқа партиямызбен бір­ге еліміздегі барлық бастауыш пар­тия ұйымының өкілдері де жұ­мылдырылады.

Алдымен, Арыс қаласының әр тұр­ғынының қауіпсіздігін қамта­ма­сыз етіп, кейін жедел түрде орын алған оқиғаның себеп-сал­дарын анықтау қажет деп есеп­тей­мін. Біздің партия бұл іс бойын­ша тергеудің ашық әрі әділ жүр­гізілуін талап етеді», – делін­ген Мәулен Әшімбаевтың желіде­гі жазбасында.

Nur Otan партиясы Орталық ап­па­ратының қызметкерлері жа­ры­­лыстан зардап шеккен аза­мат­тарға көмек ретінде бір күндік жа­лақыларын аудару туралы ше­шім қабылдады. Қазіргі таңда Nur Otan партия­сы­­ның барлық филиалында ар­найы орталықтар өз жұмысын бастады.

Т1.JPG

Т2.JPG

Т3.JPG