Коронавирустың кесірінен әлемде әрбір алтыншы жас маман жұмысынан айырылған
Коронавирустың кесірінен әлемде әрбір алтыншы жас маман жұмысынан айырылған
©versiya.info
5,251
оқылды
Халықаралық еңбек ұйымы зерттеулері осыны көрсетіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Баяндамаға қарағанда биыл ақпан айынан жастар арасындағы жұмыссыздық күрт өсіп, дүние жүзінде 305 миллион жас жұмыссыз қалған. Індеттен, әсіресе, АҚШ жастары көп зардап шегіп отыр. Коронавирус жастардың оқуы мен тәжірибесіне кері ықпал тигізіп, еңбек нарығына шығуын қиындатқан. Осыған байланысты ұйым халықаралық қауымдастықты жастарды еңбекпен қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламаларды күшейтуге шақырды. – Коронавирустан туындаған экономикалық дағдарыстан жастар көп зардап шегіп жатыр. Егер біз қазіргі жағдайды алға тартып, олардың дарыны мен қарым-қабілетін пайдалануды екінші орынға ысыратын болсақ, бұл біздің болашағымызға, індеттен кейін экономиканың қалпына келуіне кері әсерін тигізеді, -дейді халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер.