Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды
Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды
фото: ашықдереккөз
184
оқылды
Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы. Таратылған ақпаратқа сәйкес, 26 мамыр күні «102» пультіне тұрғын үйлердің подъезінде баспалдақта жатқан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнын қарау барысында сол үйде тұратын 47 жастағы тұрғын аңшы мылтығынан өз-өзіне оқ атқаны анықталған. «Ер адамның мобильдік телефонын қарау барысында өлер алдында жазып кеткен хабарламасы табылды. Қаза тапқан азамат 2019 жылдан бері ажырасқаны және соңғы уақытта жалғыз тұратындығы анықталды. Атына тіркелген «САЙГА-М2 маркалы аңшы мылтығы болған»,- делінген елордалық полиция хабарламасында. Қылмыстық іс аясында қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.