Бәсекеге дайынсыз ба?
Бәсекеге дайынсыз ба?
359
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстанның өнеркә­сіптік саясаты: еңбек өнімділігін арттыру арқылы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты VIII халықаралық конференция өтті.

Іс-шараны Қазақстан Ин­дустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақ­стан­дық индустрия және экспорт орталығы жыл сайын өткізеді.

Конференцияда Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержа­нов еңбек өнімділігін ұлттық экономиканың өсуінің негізгі драйвері екенін атап өтті. Индус­трияландыру жылдарында өңдеу өнеркәсібіндегі өнім өндірудің өсу қарқыны 1,4 есе өсті.

Вице-министр Аманияз Ер­жановтың айтуынша, үшінші бесжылдықта өнімділігі жоғары және экспортқа бағдарланған өңдеуші өнеркәсіп дамиды. Бұл 2025 жылы еңбек өнімділігін 1,7 есеге ұлғайтуға мүмкіндік бе­реді. Мақсатқа жету үшін тиімді экспортқа бағдарланған кәсіпо­рындарды тікелей қолдау, бизнес ортаны жақсарту, жеке секторды нығайту, сапалы өнеркәсіптік және сандық инфрақұрылымды да­мыту, жаңа капитал сыйымды және ғылыми сыйымды өндіріс­тер құру, индустриалды-инно­ва­циялық қызметті қолдау жүйе­сі­нің тиімділігін арттыруды ұсынды.

Қазақстандық индустрия және экспорт орталығының бас­қарма төрағасы Әлішер Әбдіқа­дыров индустрия­ландырудың әзірленетін үшінші бағдарлама аясында компанияларға қандай қолдау жасалатынын айтты.

– Табысты бәсекелестік үшін тұтыну тауарларын топтамалық өндіруге ынталандыру қажет. Болашағы зор жобалардағы ре­сурстарды шоғырландыру мақ­са­тында мемлекеттік қолдау ұсы­ну кезінде өтініш берушіден кә­сіпорындарды іріктеудің кон­курстық қағидатына өту іске асы­рылады. Кәсіпорындардың жауапкершілігін арттыру керек. Бұл мемлекеттік ресурстарды теріс ниетте пайдалануға, мем­лекеттік қолдаудың және кейінгі мониторингтің тиімділігін ұл­ғай­туға мүмкіндік береді, – деді Әлішер Әбдіқадыров.

Конференцияда Санкт-Пе­тербор мемлекеттік универси­те­тінің бас ғылыми қызметкері Андрей Белов еңбек өнімділігін дамыту жайында ойымен бөлісті.

– Жапонияда ағылшынша деректер жинақталған SME Agency, JapanProductivityCenter, JETRO екілді базалар көп. Жа­пония «Кайдзен» жүйесін кеңі­нен қолданады. Барлық компа­ния осы әдісті қолдану арқылы жетістікке жетеді, – деді Андрей Белов.

Конференцияға қатысу­шы­лар мемлекеттік сектор мен биз­нес-қауымдастық арасында диа­лог алаңын ұйымдастыру, еңбек өнімділігі мен бәсекелестікті арт­тыру мәселесін талқылады.