Нұр-Сұлтан мен Алматыда блокпосттарды қалай алып тастады?
Нұр-Сұлтан мен Алматыда блокпосттарды қалай алып тастады?
Фото: Айтжан Мұрзанов
510
оқылды
Бүгін түннен бастап қалалардағы блокпостар алынды. Бірақ тұрғындар санитарлық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Қоғамдық орында маска тағу, антисептиктерді пайдалану, көпшілік орындарда қашықтықты сақтау талабы сол күйінде қалады.  [caption id="attachment_47935" align="alignnone" width="1200"]блокпост, карантин, тәртіп, коронавирус Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа шалдыққандардың күрт көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірген. Мемлекет басшысы Twitter парақшасында: «Қалаларда карантин шаралары сақталмағандықтан, індет жұқтырғандар саны артып барады. Үкімет, облыс және қала әкімдері жағдайды реттеуі керек. Көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде бетперде тағу міндетті. Азаматтардың денсаулығын сақтау үшін нақты шешімдер қабылдау қажет» деп жазды. [caption id="attachment_47936" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] [caption id="attachment_47937" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталса да, карантин талаптарын сақтау маңызды екенін айтқан болатын. [caption id="attachment_47939" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption]
«Бүкіл ел аумағындағы төтенше жағдай режимі аяқталды. Алайда, кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр. Індет толығымен жойылып кеткен жоқ. Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», – деді Мемлекет басшысы.
[caption id="attachment_47941" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов та сақтық шараларын қаперден шығармау керегін айтты.
«Шынында да, біздің қазіргі басты мақсат – елді қалыпты экономикалық белсенді өмірге қайтару. Сонымен бірге азаматтарды осы эпидемиядан қорғауымыз керек. Әйтсе де эпидемияға қарсы шаралар, соның ішінде шектеу шаралары күшінде қалады. Карантиннің бірнеше кезеңі бар. Ел ішіндегі қозғалысты шектеуді алып тастау – аймақтар бойынша коронавирусты жұқтыру жағдайы реттеліп, теңесіп қалғанын білдіреді. Яғни адамдарды ары қарай қозғалыстан шектеудің қажеті жоқ. Әйтсе де ең бірінші кезекте жұмыста, қоғамдық орындар мен көліктерде эпидемияға қарсы шараларды сақтау ережелерінің талабы күшінде болады. Оны сақтанудың маңызы зор», ­– деді министр.
Оның айтуынша, жұмысқа барып-келіп жүрген көпшілік қауіпсіздік талаптарын сақтай бермейді. [caption id="attachment_47942" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Соңғы мәліметтер бойынша COVID-19-ға шалдыққандардың саны елімізде 10 858-ге жетті. 5 220 адам аурудан айықты, 41 адам қайтыс болды.   [caption id="attachment_47944" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] [caption id="attachment_47945" align="alignnone" width="1200"] width= Фото: Айтжан Мұрзанов[/caption] Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты 15 наурызда  төтенше жағдай жарияланып, 11 мамырға дейін созылған еді. 11 мамырда төтенше жағдай режимі аяқталып, карантиндік шектеулер біртіндеп алынып жатыр.