Қазақстанда биыл 665 балалар қылмысы тіркелген
Қазақстанда биыл 665 балалар қылмысы тіркелген
© inform.kz
206
оқылды
Кәмелетке толмаған қазақстандықтар арасындағы қылмыстар саны 10 пайызға төмендеді. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті ювеналды полиция бөлімінің бастығы Әсет Оспанов мәлімдеді.
2014 жылы кәмелетке толмағандар бойынша 3 533 қылмыстық іс тіркелді, 2015 жылғы бұл көрсеткіш - 2 923, 2016 жылы - 3 291, 2017 жылы - 3 121, 2018 жылы - 2 920, 2019 жылы - 2 645, ал биыл балалар 665 рет қылмыс жасаған, яғни кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 10%-ке төмендеген, - деді Әсет Оспанов Facebook-тегі онлайн-конференция барысында.
Оның айтуынша, түрмеде шамамен 40 жасөспірім бар, жыл басында олардың саны 42 болған.