Қостанайда екі КамАЗ соқтығысып, бір жолаушы көз жұмды
Қостанайда екі КамАЗ соқтығысып, бір жолаушы көз жұмды
245
оқылды
Қостанай облысында екі жүк көлігі соқтығысып, бірнеше адам жарақат алды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 18:00 шамасында Әулиекөл ауданының Талапкер ауылы маңында болған.
«37 жастағы «КамАЗ» жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан тағы бір «КамАЗ» көлігіне соқтығысты. Жүк көліктерінің бірі - шөп, екіншісі - арпа тиеген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы қаза болды» делінген полицияның ақпаратында.
Жүк көліктерінің жүргізушілері ауыр халде ауруханаға түсті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі олардың жағдайына қатысты ресми ақпарат беруге уәде етті.