Іскерлік бастама, кәсібіңді тастама
Іскерлік бастама, кәсібіңді тастама
377
оқылды

Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау ұлттық экономиканың жетекші күші әрі міндеті екені көрсетілген.

«Отандық кәсіпкерлік – жаңа экономикалық бағыттың қозғау­шы күші. 2030 жылға қарай эконо­ми­кадағы шағын және орта биз­нес­тің үлесі кем дегенде екі есе өсуі тиіс. Іскерлік мәдениеттің деңгейін көтеру және кәсіпкерлік баста­маны ынталандыру маңызды», – делінген Жолдауда.

Бұл міндетке шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саясаты сәй­кес келеді. Елімізде соңғы жыл­да­ры кәсіпкерлік сектордың өсуі үшін қолайлы жағдай жасалған. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саласындағы мемлекеттің саясаттың негізгі мақсаттары:

– тиімді және өнімді кәсіпкер­лік қызметті жүзеге асыру үшін қо­­лайлы жағдай жасап, ынталан­дыру;

– ШОК-тың бәсекеге қабілетті орта мен қоғамның орта класын қалыптастыру факторы ретінде тұрақты дамуы;

– ЖІӨ қалыптастыруда рес­публикалық және жергілікті бюд­жеттің салықтық кірістерінде ШОК қатысу үлесін ұлғайту.

Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту және қолдау үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамытуды қолдау мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарлама мақсаты – өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыс берушілерді қолдау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру.

Бағдарлама көздегеніне жету үшін 4 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі:

1. Моноқала, шағын қала және ауылдық елдімекендегі кәсіп­кер­лер­дің бизнес-бастамаларын қолдау;

2. Экономиканың басым сек­тор­лары мен өңдеуші өнеркәсіп сала­ларындағы кәсіпкерлерді/ ин­дус­триалды-инновациялық қыз­мет субъектілерін салалық қолдау;

3. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;

4. Кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау көрсету.

Төртінші бағыт бизнесті жүр­гізу негіздерін оқыту және әлеуетті кәсіпкерлерге консультация жүр­гізу жөніндегі жобалар кешенін қолдайды.

«БЖК – 2020» іске асырудың барлық кезеңінде (2010 жылдан бастап) бюджеттен 455,4 млрд теңге, оның ішінде 2018 жылы 45,9 млрд теңге бөлінді. 2019 жылға 71,6 млрд теңге, оның ішінде жал­пы сипаттағы трансферт шең­бе­рінде 30 млрд теңге бөлу көзделді.

«БЖК – 2020» шеңберінде іске асырудың барлық кезеңінде (01.01.2019) ел бойынша қаржылық қолдау шараларына 20 мыңнан ас­там ШОБ субъектісіне 422,3 млрд теңге жұмсалды. (2018 жылы – 66 млрд теңгеге 3 мың субъект).

01.01.2019 жағдай бойынша келесі қаржылық қолдау көрсетілді:

– жалпы сомасы 173,2 млрд теңгеге (іске асырылған сәттен бас­тап 2 340,5 млрд теңге) 1 432 жо­баға (іске асырылған сәттен бас­тап 12 634 жоба) субсидия ­бе­рілді. Төленген субсидияның ­жал­пы сомасы 39,9 млрд теңгені (іске асырылған сәттен бастап 221,6 млрд теңге) құрады;

– жалпы сомасы 48,7 млрд тең­геге (іске асырылған сәттен бастап 178,6 млрд теңге) 1 191 жоба кепіл­дендірілді, ал берілген кепілдік сомасы 18,9 млрд теңгені (іске асы­рылған сәттен бастап 73,5 млрд теңге) құрады;

– 684,34 млн теңге (іске асы­рылған сәттен бастап 4,7 млрд тең­ге) сомасына 436 жоба бойынша (іске асырылған сәттен бастап 2 098) мемлекеттік грант берілді;

– жетіспейтін индустриялық инфрақұрылымды жүргізу бо­­йынша 6,5 млрд теңге сомасына (іске асырылған сәттен бастап 122,5 млрд теңге) 10 жоба қаржы­ландырылды.

«БЖК – 2020» бойынша қар­жылық емес қолдау

2019 жылғы 1 қаңтардан бері бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан және жаңа 22 847 (іске асырылған сәттен бастап 175,6 мың) кәсіпкер кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алды, оның ішінде:

– «Бизнес-мектеп» құралы бойынша бизнес тренингтерден 21 854 (іске асырылған сәттен бас­тап 168,2 мың) тыңдаушы өтті;

– ШОБ топ-менеджменті бо­йынша 424 (іске асырылған сәттен бастап 2 949) кәсіпорын басшысы білім алды;

– «Іскерлік байланыстар» жо­басы бойынша 569 (іске асырылған сәттен бастап 4 468) адам білім алып, оның ішінде 494-і АҚШ және Германияның бейінді кә­сіпорындарында шетелдік тағы­лымдамадан өтті.

Кәсіпкерлікті қолдау орталық­тарында:

– 96,3 мың (іске асырыл­ған сәттен бастап 497,5 мың) клиент­­ке бизнесті мемлекеттік қолдау ша­ралары бойынша 208,6 мың­нан астам (іске асырылған сәт­тен бас­тап 968,7 мың) кеңес бе­рілді.

– 42,8 мың (іске асырылған сәттен бастап 410,2 мың) кәсіп­керге 45,8 мың (іске асырылған сәттен бастап 410,2 мың) сервистік қызмет көрсетілді.


Айзат АЙДАРҚЫЗЫ