Nur Otan балалармен бірге
Nur Otan балалармен бірге
315
оқылды
Nur Otan партиясы Шым­кент қалалық және аудандық филиалдарының өкілдері 1 маусым – Халықаралық ба­лаларды қорғау күніне орай қа­ладағы бірқатар аз қамтыл­ған көпбалалы отбасылардың шаңырағында болып, бүл­діршіндерді айтулы мере­кесімен құттықтады. Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов алдымен 9 баланың анасы Гүлчехра Егембердиеваның үйіне барды. 2 бөлмелі жалдамалы пәтерде тұратын отбасы бүгінгі таңда үй кезегінде тұр. – Біздің үмітіміз бен мейірімді істеріміз, сүйіспеншілігіміз бен қуанышымыз – барлығы балалар үшін. Балалардың өмірі мен денсаулығын, құқығын қорғауына, саналы тәрбие мен сапалы білім алып, жан-жақты дамуына, бал дәурен шағын қуаныш пен бақыт құшағында өткізуіне қолайлы жағдай жасау – Nur Otan партиясы ұстанған саясаттың басым бағы­тының бірі. Партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Жастар – Отанға» секілді жоба­лары осы мақсатты көздейді. Еліміздің болашағы – жастардың, бүгінгі балалардың қолында. Олардың дені сау, білімді, па­расатты, еркін ойлы әрі отансүйгіш азамат, дегдар тұлға болып қалып­тасуына жағдай жасау бір күннің ғана жұмысы емес. Жайдарлы жаздың алғашқы күнінде келетін бұл тамаша мереке Сіздердің бал дәурен шақтарыңыздағы ең қы­зықты әрі ұмтылмас сәттерге айналсын. Бүлдіршіндерге мықты денсаулық, зор қуаныш пен мол бақыт және жарқын болашақ тілей­мін, – деді Бахадыр Нарымбетов. – Мемлекеттен әлеуметтік кө­мек және жәрдемақы аламыз. #Birgemiz қорынан азық-түлік, 50 мың ақшалай көмек алдық. Бізге үнемі қолдау көрсетіп отырған Nur Otan партиясына ризамыз, – деп алғысын білдірді алтын құр­сақты ана. Партиялықтар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қала бойынша 40-қа жуық отбасыға азық-түлік жиынтығы мен 150 ба­лаға арнап мерекелік сыйлықтар тапсырды.  

Әбілмансұр ЖАСАН