Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Б.Ә. Сағынтаев Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Президент баспасөз қызметі хабарлады.
· 1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген, экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.
· 1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
· 1988 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
· 1992 жылдан - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
· 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
· 1999 жылдан - ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
· 2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
· 2001 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
· 2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
· 2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
· 2008 жылдан бері - Павлодар облысының әкімі.
· 20 қаңтар — 24 қыркүйек 2012 жыл аралығында — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
· 2012 Қыркүйек — 2013 қаңтар — «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары.
· 2013 жыл 16 қаңтардан бастап жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.[1]
· 2013 жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары – ҚР Өңірлік даму министрі қызметінен босатылып, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары болып тағайындалды.
· 2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
· 2016 жылдың 10 қыркүйектен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі қызмтін атқарды.
· 2019 жылдың 25 ақпанында Қазақстан президенті Сағынтаевтың үкіметін отставкаға жіберді.
· 2019 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалады.
· 2019 жылдың 24 наурызында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалады.