Қазақстан Прзиденті Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшірілетінін айтты. «Комсомольская правдаға» берген сұхбатында Қазақстан Орта Азия елдерінің тәжірибесіне сүйенетінін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев латын әліпбиіне көшуде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев рухани жаңғыру концепциясы аясында бастамашылық еткенін атап өтті. Сондай-ақ ол латынға көшу тек қазақ тіліне қатысты болатынын, орыс тілінің жағдайына еш әсер етпейтінін де айтып өтті.
«Әлемдік ақпарат кеңістігі жаңа технологиялардың енуінен тез транформацияланып жатыр. Біздің балаларымызға жаңа реалийге ену керек, себебі негізгі ақпараттық ағын латын графикасына сүйенеді. Қазақ әліпбиін жаңғырту қазақ тілінің коммуникациялық мүмкіндіктерін кеңейту үшін қолға алынып отыр. Сондай-ақ, біз латын жазуына кезең-кезеңмен, асықпай, Орталық Азия мемлекеттерінің тәжірибесін ескере отырып көшеміз. Себебі әңгіме тек кирилл графикасынын латынға ыңғайлап қою да емес, қазақ тілі орфографиясының реформасы туралы болып тұр. Мұнымен қоса, қазақ әдебиеті классикасының барлық дерлік маңызды шығармасы кирилл графикасымен жазылғанын ұмытпау керек. Қазақтың бірнеше ұрпағы кирилл жазуымен білім алды және алып жатыр. Сондықтан асықсақ үлкен іске кедергі болады, бұл іске парасатпен қарау керек», – деді Тоқаев.