«Абоненттік номер бос емес» – бұл менің дауысым
«Абоненттік номер бос емес» – бұл менің дауысым
756
оқылды
I BOOK YOU жобасын жасап, адамдардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятты. Ел арасында жұртты кітап оқуға шақырудан шаршамаған жан. Нәтижесінде, бұл жобасы клубқа ұласып, еліміздің 7 қаласында ашылды. Марина

 Кітапқа қызығушылық артқан заман

I book you kz жобасы бір жылдары Қазақстанның үздік көркем әдебиет порталы болып танылды. Мұндай дәрежеге қалай жеттіңіз? Бұл – үлкен еңбектің жемісі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бұл менің ғана емес, жора-жолдастарым мен жазылушыларымның еңбегі. Негізі идея декреттік демалыста жүргенімде келді. Ол кезде бірінші баламды босанып, аяқ-қолымды бауырыма жинап, уақытымды тиімді пайдалана бастаған уақыт. Арасында сән журналистика курсын оқып алдым. Өзімше тың дүние жасағым келді. Әсіресе, әлеуметтік жоба болғанын қаладым. Бірақ қандай жоба, ол не жайында екенін білмедім.

Оның бастамасы сөмке жайында блог еді.  Бір күні «Кітап жайында жазсам не болады» деген ой сап ете түсті. Өзім бала кезімнен кітап оқып өскендіктен келген болар. Артынан кітап жайында білу менен басқа ешкімге қызық емес секілді көрінді. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, домен сатып алып, кітап оқуды жақсы көретін достарымнан топ құрдым. 2013 жылдары елді кітап оқуға шақырып, оны насихаттайтын блогтың бірден бірі еді. Бір-бірімізбен кітап алмастырдық та, түрлі қайырымдылық акцияларын да жасадық. Осы қарқынмен 6 жылдай жұмыс жасадық.

Ендігі мақсат – кітап оқу клубын ашу. Айына бір рет бәріміз жиналып, бір кітапты оқып, талдаймыз. Сөйтіп, кітап оқитын жандардың бас қосуына айналды. Қазір Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Тараз және Нұр-Сұлтан секілді еліміздің жеті қаласын қамтыды. Марина – Кітапқа деген қызығушылығыңыз қалам тербеуге ой салмады ма? Мәселен, әңгіме жазып, кітап шығару ойыңызға келмеді ме? – Расымен, әңгіме жазып, кітап етіп шығарамын деген мақсатым бар.  Оның үстіне, журналист болғандықтан жазған ұнайды. Өзім smm-парақшаларын жүргізіп отырған соң, бәрі бір бағыттағы жұмыс. Ақпаратты адамның қабылдауына жеңіл әрі өтімді етіп беру керек. Ал көркем әдебиет – бөлек дүние.

Илья Одеговтың әдеби курсын оқып, екі деңгейін өттім. Сонда біраз дүние жазғаным бар. Янг-эдалт жанры бойынша жеткіншектерге арналған хикая жазбақшымын. Мәселен «Голодные игры», «Сумерки» осы жанрда жазылған дүние. Бастамасын бастағанымен әлі аяқтамадым. Қазір жасөспірімдер мотивациялық не болмаса ақыл айтатын кітаптарды оқымайтыны белгілі. Өзім сол шақта қызықты оқиғаға толы хикаяларды оқыған соң, соны таңдадым. Сол арқылы достықтың, махаббаттың не екенін, өз ісі мен сөзіне деген жауапкершілікті сезінсе деймін.

Марина

Блогерлік неден басталды?

– «SMM-парақшаларын жүргізіп отырмын» деп қалдыңыз, блогерлікке қалай келдіңіз? Байқасақ,  әлеуметтік желіде оқырманыңыз өте көп екен... Өзімді блогер дей аламын, бірақ менің алаңым – Instagram. Бүгінде өз брендімді қалыптастырдым деуге болады. Алғашында декреттік демалыста жүргенімде парақшама түрлі рецептерді салумен бастадым. Артынан кітапқа деген қызығушылығыммен бөлістім. Кейін жүгіру мен жүзуге кірістім, олар да соған ауды. Қызығушылығым өзгерсе, олардікі де өзгереді. Сондықтан менімен бұрыннан келе жатқан жазылушыларым өзіммен бірге өсуде.

Бастысы – олардың саған деген сенімі үлкен күш. Соны шектен тыс пайдалануға болмайды. Керісінше, олардың сенімін күн сайын ақтап отыруың керек. Мысалы, I book you kz жобасын шығарғанымда оны жүргізу оңайға түсті. Өзімнің белгілі бір аудториям болған соң, олардан жобамен бөлісуді сұрадым. Соның арқасында жұмысым алға басты.

 width= – Жалпы блогерлер жазбасын сатады деп естиміз. Сіз де сатасыз ба? Құпия болмаса бір жазбаңыз қанша тұрады? Бүгінде блогерлік БАҚ-тың жаңа бір өкілі. Қолында интернеті бар, өзінің ақпараттын бөлісе алатын ортасы болса, неге бөліспеске? Өзінің ой-пікіріңді, ақыл-кеңесіңді жазуды әбестік санамаймын. Сол пікірлердің арқасында өзім де жақсы жеңілдіктер немесе жаңа компания жайында біліп отырамын. Көпшілігі блогерлікті «еріккеннің ісі, оны жүргізуде ешқандай күштің керегі жоқ» деп қарайды. Бұл – қате пікір. Әрине, шахтада жер қазып, терлеп-тепшіп жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбегіне тең келмейді. Бірақ ол да үлкен күшті қажет етеді. Контент-мейкерді де журналистің ісі ретінде көруге болады. Блогер тек мәтінді жақсы жазып қоймай, суретке де түсіре білу керек. Тіпті, роликтерді монтаждай алуы тиіс. Оның үстіне маркетинг пен жарнамадан хабардар болуы керек. Оның өзі БАҚ. Әрине, кең ауқымдағы аудиториясы бар блогерлер жазбасын, орнын сатады. Бұл – кез келген баспасөзде жарнама сатқандай.

Менің де арасында жарнамалайтыным бар. Бірақ оған қатты мән беремін. Келіп түскен ұсыныстың 90 пайызынан бас тартамын. Егер компания, не оның өнімі, не айналысатын ісі ұнамаса, қанша ақша ұсынса да одан бас тартамын. Ондай жағдайлар болмады емес, болды. Алайда жазбамда өнімді қаншаға жарнамалайтынымды айтпаймын. Ол – құпия.

 width=

Маринаға танымалдылық әкелген видео

– Өзіңіз жүгіру мен жүзуден түрлі марафонға қатысып, карантинге дейін арасында ұйымдастырып та жүрдіңіз. Спортқа деген құштарлығыңыз қай кезден басталды?  Негізі әкем жүгіргенді жақсы көреді. Әйтеуір, бала кезімнен мені өзімен бірге спортзалға ертіп апаратын. Ол жаттыққанда, қасында жүгіріп жүретінмін. Ұмытпасам, ол кезде бар-жоғы 4 жаста едім. Міне, сол уақыттан спортқа деген сүйіспеншілігім оянды. Арасында таэквандо, би  секілді қимыл-қозғалысқа толы спортпен айналыстым. 12 сыныпта білім алмасумен АҚШ-қа барып, сол жақта кросс-кантриға қатысып, мектептің құрамасында болдым. Кейін йога, фитнеске қатысқаным болмаса, спортқа қатты бет бұрмадым. Онда марафонды да, медальді де ойлағаным жоқ. мАрина

Тіпті, шетелдің марафондарына қатысамын деген үш ұйықтасам да түсіме кірмеді. Тек екі баладан кейін өзімді шаршаңқы сезінгендіктен спортпен айналысуды шештім. Оның ішінде ең жеңілі – жүгіру болып көрінді. Сонда қолыма тиген кроссовкиді киіп, үйде жүрген киімімен аулаға шығып, жүгіріп кеттім. Бір серпіліп қалдым. Сол кезде жүгіргенім бір-екі шақырым ғана, бірақ іштей жиірек жүгіремін деп шештім. Facebook парақшасында осы ойыммен бөліскенімде, түрлі пікірлер кетті. Бірі «жүгіру – денсаулыққа зиян, несіне жүгіресің, бәрін таста одан гөрі малтыған дұрыс» десе, енді бірі  «жаттықтырушымен айналысу керек, оның бір үлгісін таңдаған дұрыс» деген кеңестер болды.

Сөйтіп марафонның Instagram парақшасына жазылып, қарап жүрдім.  Балаларым әлі кішкентай болғандықтан бірден қатыспадым. Ол жердегілердің сүйген ісімен айналысып жатқаны үргені түрінде тұрды. Бірде олардың Италияға жарысқа барғанын көріп, 21,1 шақырымды жүгіру үшін басқа елге баратындардың барына таң қалдым. 21,1 шақырымнан 8 ресми жартылай марафонға қатысып, бір толық 42,2 шақырымды марафонға қатыстым. Австрияның Вена қаласында өткен марафонда мәреге жетіп, Қазақстанның Туы желбірегені мен үшін абырой болды. Қаншама жаттығуда төккен маңдай терімнің жемісі ғой. [embed]https://www.instagram.com/p/BkNTaTwD-Vc/?igshid=el2j5x5kcyey[/embed] – Кселл компаниясының «Абоненттік номер бос емес» деген хабарламасында сіздің даусыңыз. Осы жайт елге белгілі болғанда танымалдылық арты ма? –  Оның өзі қызық жағдай. Иә, бұл менің дауысым. Кезінде «Хит тв» арнасында жүргізуші едім. Сөйлеу мәнері жақсы болған соң, мерекелік кештерді жүргіздім. Арасында жарнама ролигін оқып беретінмін. Дауысым базада енгізілгендіктен жарнама берушілерге тыңдайтыны бар. Ұнатып жатса оқытатын. Сөйтіп, ол компанияның телефондағы барлық бағдарламасын қазақ, орыс және ағылшын тілінде оқығаным бар. Не үшін, неге жұмысты тоқтатқанын түсінбедім. Алайда «абоненттік номер бос емес» деген сөз әлі дыбысталып келеді. [embed]https://youtu.be/lU_YyFd05Jk[/embed]
Бірде таксиде келе жатып өз дауысымды естіп қалдым. Сол кезде осыған орай видео түсіріп парақшама салдым. Ары кетсе жазылушыларым бір күліп қояр деп ойладым. Екі аптадан кейін Pablik ол видеоны парақшамнан алып, жариялап жіберген. Сөйтіп, ол ел арасында таралып кеткен. Сол аралықта 10 мыңнан аса жазылушы пайда болып, әп-сәтте танымал болып шықтым. Қай жерге барсам да ел-жұрт мені танитын болды. Сонда бұл жазба маған мұндай танымалдылық әкеледі деп ойламаған едім.