Праймериз: халықаралық тәжірибе
Праймериз: халықаралық тәжірибе
272
оқылды
Жалпы, праймериз дегеніміз – партияішілік сайлау. Ол – сайлауға қатысатын партия ішіндегі кандидаттардың таңдалуы. Оның өзі ашық, жабық және аралас праймериз болып бөлінеді. Мәселен, жабық праймеризге тек партия мүшелері қатысады. Ал аралас праймериз әр елдің өз талабына сай өтеді. Көршіміз Ресей мемлекетінде 2011 жылдан бері, ондай сайлауға белгілі бір мүшелігі бар партия өкілдері және саяси серіктестері мен жақтастары қатысады. Ұлыбританияда оған кез келген азамат қатыса алады. Бастысы – партияның арнайы төлем жарнасын төлесе болғаны. праймериз - 3 Осындай аралас праймериздің арқасында қатысушылардың ортасы кеңейіп, жақтаушылары өсе түседі. Ал бұл ел арасында үгіт-насихатты кеңінен жүргізуге мүмкіндік береді. Оған қоса, сайлаушылар тізімін қалыптастыру тетіктерін жеңілдетеді. Бұған айтарлықтай қаржы қажет. «Тәуекел түбі – жел қайық, өтерсің де кетерсің» дегендей, тұс-тұстан дауыс беру арқылы тәуекелге бел буатынын ұмытпаған жөн.

Негізі праймеризге үкіметтік және партиялық тараптан құқықтық реттеу жүргізіледі.

Мысалы, Германия мен Түркияда заң жүзінде қарастырылса, Уругвай мен Аргентина елдерінің конституциясына енген. Мұндай жағдайда саяси партия праймериз өткізуге құқылы. Бұл кандидаттың қатысуына міндеттелген талаптың бірі. Онда мемлекеттік қаржылай қолдау тікелей не жанама түрде көрсетіле береді. Изрильдің өзінде праймеризді қаржыландыру үкімет тарапынан бөлек жүргізіледі. Ресей болса саяси қорлардың қаржысына өткізеді. Бірақ ол жақта праймеризді саяси партиялар актілік деңгейде өз ішінде қарастырады екен. Мұндай жүйені Канада, Франция, Италия, Мексика, Ирландия да ұстанады. Қызығы, оларда праймериз сайлау жарияланбай тұрып өткізіледі. Кандидаттарды тағайындау тәртібі әр елде әртүрлі. Мысалы, Ұлыбритания мен Германияда өзін-өзі ұсыну арқылы жүргізіледі. Ирландия, Мексика, Канада тағайындау тәртібі төменнен жоғарыға басталады. Сонымен қатар кандидаттарға заңмен бекітілген талаппен қоса, партияның да өз шарттары бар. Мәселен, Мексиканың Институционалды-революциялық партиясы өз кандидаттарының өзге саяси партияда басшылық қызметте болмауын қадағалайды. Не болмаса партия жайында теріс пікір білдірмеуі тиіс екен. Ал Ұлыбританияда кандидаттың саяси жұмыста тәжірибесінің болуына мән береді. Шет елдерде кандидатқа қатысты насихаттау жұмыстары мен дебаттар ашық жүреді. Кандидаттар сайлаушылармен жеке кездеседі немесе әлеуметтік желі мен теледидар арқылы агитациясын жүргізе алады. Бұған тек партия мүшелері емес, кез келген адам қатыса алады. Осыны ұстанатын Германия мен Ұлыбритания жабық праймериз кезінде партия мүшелері ғана дауыс беруге құқылы. Дауыс беру тәртібінде «бір адам – бір дауыс» қағидасымен жұмыс істейді. Ондайда дауыс беруге сайлаушылардың тікелей қатысуымен өтетіні белгілі. Мысалы, Оңтүстік Кореядағы «Тобуро» партиясында тек мүшелері емес, алдын-ала тіркеуден өткен кез келген азамат дауыс береуіне болады. Ал Ұлыбританияның консервативті партиясында жергілікті делегаттар жанама дауысты  партияның конференцияларында беруіне болады. праймериз - 2 Дауыс берушілер дауысты сайлау учаскісіне барып беруге міндетті емес. Олар смс арқылы да дауыс бере алады. Оңтүстік Кореяда телефонмен берсе, Ресейде арнайы онлайн сайтта өз кандидатын таңдауы мүмкін. АҚШ, Германияда анонимді дауыс беруге болады. Ондайда сайлаушылардың ерік-жігері бақылауға алынбайды. Праймериз бойынша қорытынды тізімді партия орталығы немесе партия төрағасы бекітеді. Мысалы, Түркияда соңғы сөз партия Төрағасында екені жарғымен көрсетілген. Ал Ирландияның консервативті партиясында партияның көшбасшысы өз ұсынысын енгізуге құқылы.
Nur Otan партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаев биылғы 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы қаулыға қол қойды.