Қорғас көлік-логистикалық хабы қашан да басты назарда. Транзиттік теміржол және автомобиль, логистика, өңірдің индустриалды және туристік бағыты өте қарқынды дамуда. Соған орай көптеген мәселенің шешімін ұдайы тауып отыру талап етіледі.Қорғас көлік-логистикалық хабы қашан да басты назарда. Транзиттік теміржол және автомобиль, логистика, өңірдің индустриалды және туристік бағыты өте қарқынды дамуда. Соған орай көптеген мәселенің шешімін ұдайы тауып отыру талап етіледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-нің нысандары және ағымдағы қызметімен танысты. Қорғас көліктік-логистикалық хабы нысандарында сонымен қатар Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов болды. және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-нің нысандары және ағымдағы қызметімен танысты. Қорғас көліктік-логистикалық хабы нысандарында сонымен қатар Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев және «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сарсенов болды.
Ауданы 3 010 шаршы метр болатын «Қазпошта» АҚ-ның бондтық қоймасы қорғастық көліктік-логистикалық хабы аумағында орналасқан. Ол авиажеткізілім мерзімін 2-3 күнге дейін, ал автокөлікпен жеткізуді 7-12 күнге дейін қысқартуға, сонымен қатар пошта операторына әріптестер санын кеңейтуге мүмкіндік береді. Ішінара Қазпошта инфрақұрылымын пайдалану туралы Clevy, OBORCloud Network Technology Co., Ltd және бірқатар басқа да қытайлық логистикалық компаниямен уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Бүгінгі таңда қытайлық әріптестер Қазақстан арқылы транзитпен осы жылдың соңына дейін 400 тоннадан астам тауар жіберуге дайын. Ерекше атап өтілгені, қойма Қытайдан Еуропалық Одақ және Орталық Азия елдеріне бағытталған транзиттік жүктерді өңдеуге арналған. Өндірістік қуаты орташа есеппен күніне 15-20 тоннаны құрайды, сыйымдылығы – шамамен 58 тонна.
Қазіргі таңда трансқұрлықтық контейнерлік жүк ағыны үшін жаңа тартылыс орталығына Khorgos GateWay құрғақ порты айналып отыр. Өңделетін контейнерлер көлемі жыл сайын артуда. 2018 жылы 134 мыңнан астам ДФЭ (жиырма футтық эквивалент) қайта тиелген, бұл 2017 жылға қарағанда 39% көп.
– Алғашқы жартыжылдықта 66,5 мың ДФЭ өңдедік. Жалпы алғанда бір жылда контейнерлер тиеуді 21%-дан асыру жоспарлануда, – деді KTZE- Khorgos GateWay ЖШС бас директоры Ибрагим Манабаев.
Ахметжан Есімов елде контейнерлік тасымал 47% артқанын жеткізді. Бұл ретте ол KTZ Express АҚ басқарма төрағасы Дмитрий Абдуллаевқа қарата, биыл қанша жүк тиелу жоспарда тұрғанын сұрап, қызығушылық танытты. Және бұл көрсеткішті миллионға дейін жеткізу расында мүмкін бе деп сұрады.
KTZ Express басшысы биыл компания жоспары бойынша – 824 мың контейнер ДФЭ екенін жеткізді. Бірақ осы көрсеткішті арттыру жұмыстары үздіксіз жалғасуда. Таяуда Д.Абдуллаев Қытайға ұшып, сондағы әріптестермен 20-ға жуық кездесу және Чунсин, Чунду, Сиань провинцияларында келіссөздер өткізеді.
– Коммерциялық жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Теңіз бағдарлары бойынша да, Трансіб аумағы арқылы да жүк ағынын тартудамыз, – деді ол.
Делегация барған кезде құрғақ портта екінші контейнерлік құрамды қайта тиеудің жұмыстары жүріп жатты. Біріншісі бұл жерден бірнеше сағат бұрын Еуропа бағытында жөнелтілген. Ал екіншісінің бағыты – Ақтау порты, оның құрамында Иранға кететін 40 контейнер болды. Бұл ретте аталған пойыздың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының қолдауымен биыл сәуірде Бакуге бағытталған қазақстандық «Түркістан» кемесін пайдалана отырып, іске қосылған фидерлік желіге тікелей қатысы бар.
Бұрын контейнерлік жүктерді жинақ құраммен тиейтін, онда каспийлік портқа кететін 1-2 контейнер болды. Ал қазір жүктер шоғыры жасалуда. Мұндай пойыздар Қазақстан аумағы арқылы 1 200 км/тәулік жылдамдықпен жүреді. Ақтау теңіз портында 225 контейнерге есептелген фидерлік кемеге тиеледі, ол
2 толық құрамды пойыз тасымалын қамтамасыз етеді.
– Ақтау теңіз портындағы бұл желі тұрақты кестемен жұмыс істеуде. Бүгінгі пойыз сейсенбі күні Ақтауда болады, сәрсенбіде оны Каспий арқылы жеткізу орынына жөнелтеді. Сонымен бірге, Қорғасқа жақындаған кезекті пойыз Қытай аумағы арқылы жүреді, – деді Д.Абдуллаев.
Ақтау, Баку (Алят) порттары арасындағы фидерлік қатынас күн сайын айналымға шығып, сұранысы жоғарылауда. Екі ай ішінде фидерлік класты кемелермен 700-ден астам контейнер тасымалданған. Тек сәуір айының өзінде олардың саны 200 болды, ал маусымда Ақтау порты 500-ден астамын жөнелтті. Ақтау портындағы аталған логистикалық сервистің әлеуеті жылына 300 мыңнан астам контейнерді құрайды.
«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА құрғақ порты, Ақтау теңіз порты және Алтынкөл шекаралық стансасының логистикалық инфрақұрылымын пайдалану аталған бағдар мен өңірдің дамуында ең жоғары мультипликативтік тиімділікке ие болады.
«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА логистикалық аймағында жақын күндері жалпы ауданы 25 мың шаршы метр KIF Warehouses ЖШС жаңа қойма кешені іске қосылады. Ол үшін ғимаратты дер кезінде толтыруды қамтамасыз ету мәселелерін шешу керек.
– 2025 жылға дейін жалпы сомасы 421 млрд теңгенің 10 инвестициялық жобасы жүзеге асырылмақ, – деді «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА» АҚ бас директоры Мұрат Баймұханбетов.
«Нұрлы жол» қосынын қарау кезінде «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА аумағында автокөліктердің кедергісіз қолжетімдігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінді.
«Қорғас» ХШЫО» АҚ президенті Қаһарман Джазин «Қорғас» ХШЫО» АЭА басқару компаниясы мәртебесін алысымен Халықаралық орталықтың қазақстандық аумағында жұмыс істейтін компанияларды тіркеу басталатынын айтты. Олардың бәрі көрсетілген жеңілдіктер пакетін алады – ҚҚС, КТС -дан және жер мен мүлікке салықтардан толықтай босату.
– Біздің АЭА экономика үшін мультипликативтік тиімділік алуға есептелген. Қазақстандық тауар өндірушілердің, сонымен қатар ЕАЭО елдерінің Қытайға экспортын ынталандырамыз, – деді Қ.Джазин.
Жұмыс сапары барысында көліктік-логистикалық хабтың келешектегі дамуы бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ирина БЕКТИЯРОВА,
Қорғас