Білімге даңғыл жол салған
Білімге даңғыл  жол салған
332
оқылды

Қазір елімізде бірнеше оқу орындары студенттерге білім беріп, жыл сайын мыңдаған түлекті еңбек нарығына қарай ұзатып салып жатыр. Әрбірінің өзіндік бағыты бар. Ал Алматыдағы Халықаралық бизнес және коммуникация колледжі соңғы уақытта цифрланды­руды мықтап қолға алған мемлекетіміздің басты бағдаршысына айналар білім ордасы іспетті. Себебі, мұнда робототех­никаны жете меңгерген, техникасы мен интеллекті қатар дамитын мамандар даярлануда.

Оқу орны қазіргі күнде дуал­ды оқыту жүйесін пайдалана оты­рып, оқу бағдарламаларын үш тілде жүзеге асыруда. Кол­ледж басшылығының айтуынша, олар өздерінің алдына рухани әлеуеті жоғары, заманауи нарық­тық жағдайларға бейім, өз бе­тінше шешім қабылдай алатын, білікті маман даярлау міндетін қойған. Қазір сол жолда елеулі ең­бек атқарылуда. Білім ордасы соңғы 10 жылда экономика, ра­диоэ­лек­троника, есептеу тех­ни­касы, бағ­дарламалық қамта­ма­сыз ету, ақпараттық жүйелер, құқықтану және бизнес салалары бойынша қаншама үздік маман­дарды нарыққа шығарды. Кол­ледж директоры Серік Иксанов­тың бастамасымен радиоэлек­троника және байланыс ма­ман­дығы бойынша техникалық жаб­дықтау жұмысы тұрақты жүргізілуде.

– Біздегі материалдық-тех­ни­калық база студенттердің ер­кін әрі жан-жақты білім алуына мүмкіндік береді. Сол үшін терең интерактивті оқыту әдістерін қолданамыз. Кітапхана қорын да жыл сайын толықтырып отыра­мыз. Сондай-ақ заманауи сту­денттер асханасын да салдық. Са­бақтан тыс уақытта да шәкірт­теріміздің уақыты тиімді өтуі үшін түрлі бастамаларды қолға алдық. Біздің колледжді та­мам­даған студенттердің кейінгі тағ­дыры да алаңдатады. Бұл әсте немқұрайлы қарайтын шаруа емес. Сол се­бепті, 40-тан астам кәсіпорынмен ұзақмерзімді келісімшарттар жасадық. Бұл түлектердің дипло­мын алғаннан кейін тезірек жұ­мысқа орна­ла­сып кетуіне мүм­кіндік береді, – дейді оқу орны басшысы.

Атап айтсақ, оқу орны «Қаз­пошта», «Қазақтелеком», «Базис Телеком», Apple Technology ме­ке­мелерімен тікелей келісім жасас­қан. Өз кезегінде ұстаздар мен студенттер командасы әр­дайым түрлі деңгейдегі жа­рыс­тарға қа­тысып, қанжығаларын майлайды. Бұл ретте былтыр «АЭФ-ке бара­мын» байқауында топ жарған кол­ледж студенті Әйгерім Тасбо­латты айтып өтсек болады. Ол жеңімпаз атанғаннан кейін цифр­ландыру саласын тереңірек зерт­тегісі келетінін айтқан болатын. «Бұл саладағы мәселелер мені қат­ты қызық­ты­рады. Мәселен, біз цифрландыру процесін же­дел­детер болсақ, ол басқа сала­ларға қалай әсер етуі мүмкін? Осы сұрақ мені қатты толған­ды­рады. Ал дамыған елдер 2020 жыл­ға дейін экономика­сының 20 па­йызын цифрлан­дыр­мақшы. Біз де осы деңгейге ұмтылуымыз керек» деген еді ол. Осылайша, колледж студенті былтыр елор­дада өткен XI Ас­тана экономи­калық фо­ру­мы­на қатысу құрме­тіне ие болған. Ондағы әйгілі шетелдік спи­кер­лермен тікелей тілдескен. Әрине, бұл колледж берген берекелі бі­лімнің арқасы екені айқын. Оқу орны басшы­лығы үздік мамандар даярлауды ары қарай жалғас­тыр­мақ. Әсі­ресе, робототехника са­ласы бо­йынша тың жаңалық­тарға ұмты­ламыз дейді олар.