Чехияда сайысты көруге көрермендерге рұқсат берді
Чехияда сайысты көруге көрермендерге рұқсат берді
©Сурет интернеттен алынды
277
оқылды
Прагада өтетін теннис турниріне көрермен жіберілетіні жайында Olympic.kz хабарлады.

Чехия үкіметі 8 маусымнан бастап 500 адамдық іс-шараларды өткізуге рұқсат берді. Енді Прагада жоспарланған теннистен өтетін турнирге көрермендер де жіберіледі.

«Жарыста әуелі көрермен саны аз болады. Одан кейін уақыт өте жарысты тамашалайтын көрермен санын өсіріп отырамыз», - деді ұйымдастырушылар.