Парасат пен ізеттілікті үйретеді
Парасат пен ізеттілікті үйретеді
285
оқылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесімен бірлесе отырып, «Студенттерді парасаттылық пен ізеттілікке баулу» жобасын іске қосады. Бұл туралы жастардың бойына парасаттылықты қалыптастыру және жоғары оқу орындары ортасында әдептілікті насихаттаудың әдіснамалық негіздеріне арналған ғылыми семинар барысында айтылды. Оған «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің өкілдері, Алматы қаласындағы ЖОО оқытушылары, этика және құқық саласындағы жетекші сарапшылар қатысты.

ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов атап өткендей, парасаттылыққа тәрбиелеу бағдарламасы университеттің БҰҰ-ның Өркениеттер Альянсымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан «Қа­йырымды қоғам азаматтарын қалып­тастыру. Қазіргі заман университеттер миссиясы» жобасының бір бөлігі. Оның негізінде Аристотель, Платон, әл-Фараби сияқты ұлы ойшыл­дар жасаған тамаша қоғам туралы идея жатыр. Әл-Фарабидің Қайырымды қоғам туралы ілімі елдің азаматтары қандай болуы керек деген сұраққа жауап береді. «Әл-Мәдина әл-фадила» – бұл жас ұр­паққа парасаттылық, адалдық, әділдік, адам­гершілік, сатқын­дыққа жол бермеу, се­німділік және басқа да ізгіліктерді да­рыту бойынша біртұтас процесс ретінде білім беру мен тәрбие­леуді қамтамасыз ететін қоғам.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап университеттің барлық студенттері мін­детті түрде «Парасаттылық пен ізеттілік көшбасшылықтың негізі ретінде» пәна­ралық курсын оқуға кіріседі. Бұл жерде олар парасаттылық мәдениетінің қалып­тасу тарихын, оның моральдық-адамгер­шілік және психологиялық негіздерін таниды және кәсіптегі, қызметтегі жа­рияланымдылық, қоғамдық-саяси өмір­дегі парасаттылық пен ізгіліктің құн­ды­лықтарына негізделген тиімді мінез-құ­лық модельдерін үйренеді, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы этика және қоғамға қызмет ету саласында маңызды құзырет­тіліктерге ие болады.

Бұл арнайы курсты енгізу ҚазҰУ әзір­леген жаңа буын университетінің моде­лі – Университет 4.0 аясында жүзеге асы­рылатын іс-шаралардың бірі. Оның ма­ңызды мақсаты – болашақ мамандарды көшбасшылықтың басты құндылығы ре­тінде әдептілікті насихаттау негізінде парасатты, қайырымды және рухани-адамгершілікті жоғары қоятын азаматтар етіп қалыптастыру. Аталған миссияның басты параметрлері білім беру бағдар­ламаларындағы кәсібилік пен әдептіліктің үйлесімділігіне қол жеткізуге, әлеуметтік жауапкершілікті тәрбиелеуге, сонымен қатар қоғамға қызмет жасауға дайындауды бағыттайды.

«Саналы ұрпақ» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев еліміздің барлық университеттері адалдық пен ізгілік құндылықтар негізінде қабілетті қоғам азаматтарын маман ретінде дайындауға көшуі тиіс деп атап өтті. Оның пікірінше, БҰҰ штаб-пәтерінде бастау алып, халықаралық деңгейде кең таралуға ұсынылған ҚазҰУ-дың Уни­верситет 4.0 моделін Қазақстанның бар­лық жоғары оқу орындары назарға алуы қажет. Бұл үдеріске «Сыбайлас жем­қорлықтан тыс жоғары оқу орындары» ат­ты ауқымды жобасын іске асыру шең­берінде «Саналы ұрпақ» кеңсесі әзірлеген оң тәжірибе ықпал ететін болады.

Семинарға қатысушылар ҚазҰУ-ға енгізілетін жаңа курстың оқу-әдістемелік кешенінің мазмұнын талқылады және оның негізінде қыркүйек айына қарай оқу құралы мен көпшілікке арналған онлайн курсын дайындауды ұсынды. Сондай-ақ сарапшылар ҚазҰУ-дың әлеуметтік зерттеу және әлеуметтік инжиниринг орталығының студенттері үшін арнайы әзірленген парасаттылық пен ізеттілікті және де өзін-өзі бағалау бойынша сауалнама жобасын қарас­тыр­ды. Семинар қорытындысы бойынша университеттік ортада әдептілікті артты­руға бағытталған білім беру әдістемелерін енгізу бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындары үшін нақты ұсыныстар жасалды.

 

Серік Әлімжанов,

Алматы