Туды жұлмақ болған жігіт халықтан кешірім сұрады
Туды жұлмақ болған жігіт халықтан кешірім сұрады
324
оқылды

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкент қаласында өткен бейбіт митингке қатысты.

65826074_2332850966812020_7494978008969641984_o.jpg

Ол партияның Арыстағы ағайынға қолдау көрсету мақсатында қолға алған игі бастамаларына кедергі келтіріп, барлық жұмысты жоққа шығарғысы келетін арандатушылардың бар екеніне назар аударып, халықты ондай арамзалардың соңынан ермеуге шақырды.

Бейбіт шеруге арандатушылардың айтағымен көшеге шығып, Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалының алдындағы партия туын жұлмақ болған жас жігіт Ниязбек Ерлан да қатысты. Ол өзінің сол күнгі әрекетіне қатты өкінетінін айтып, барша қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Іс-шараға қалалық мәслихат депутаттары, белгілі қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және жергілікті белсенді азаматтар да елдің арасына іріткі салып, халықты арандатып жүрген алаяқтарға қарсы пікірлерін ашық айтты.

Шара соңында партияның туы көтерілді.