Қытайда толассыз жаңбырдан 1,76 млн адам зардап шекті
Қытайда толассыз жаңбырдан 1,76 млн адам зардап шекті
© inform.kz
287
оқылды
Орталық және Оңтүстік Қытайда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 1,76 млн адам зардап шекті, 9 адам қаза тауып, тағы 5-еуі із-түзсіз жоғалды. «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлайды. БАҚ мәліметінше, бұл, Қытайдың сегіз провинциясы мен автономды аудандарындағы (Цзянси, Хунань провинциясы, Гуанси-Чжуан автономды ауданы және т.б.) 8 маусым күнгі мәліметтер. 120 мың адам эвакуацияланып, 900 ғимарат қираған, 13 мыңнан астамы зақымдалған. 113,5 мың гектар егістік жер зардап шеккен. Тікелей экономикалық шығын 28,8 млрд юаньға бағаланып отыр.