Электр тогы қателікті кешірмейді
Электр тогы қателікті кешірмейді
345
оқылды

Үздік маман атану үшін Нұр-Сұлтан, Петропавл және Павлодардан «Орталық Азия Электроэнергетикалық корпорациясы» АҚ компаниялар тобының 6 электромантер бригадасы бақ сынады.

Жарыста командалар тапсырманы заманауи әдіс-тәсілдермен орындаудан сынға түсті. РЭҚ-та жұмыс кезінде өндірістік қызмет саласында озық тәжірибемен әдіс алмасады. Іс-шараның басты мақсаты – мамандардың кәсіби деңгейін арттыру, сондай-ақ жарақаттану мен оқыс оқиғалардың алдын алу.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл сайыс – компаниялар арасындағы корпоративтік алғашқы жарыс. Алайда бұған дейін өңірлердегі электромонтерлер осындай жарыстарға жиі қатысады. Жарысқа қатысушалыра бұған дейін өзара мықтыны анықтап, үздіктерін ғана жіберген. «Ақмола ТЭК», «Солтүстік Қазақстан ТЭК», «Павлодар ТЭК» компаниясының бригадалары үздіктерге жарысқа жолдама берген. Нәтижесінде, 1, 2-орынға ие болған 2 команда келген. Бес кезеңнен тұратын жарыста электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін меңгергенін тексеру, зардап шегушіге шұғыл көмек көрсету, электр тогын ажырату және оған «Илюша» тренажерінің манекенінде алғашқы көмек көрсету, өздігінен жүретін оқшауланған сымдарды ауыстыру, жерге тұйықтау құрылғысының жай-күйін тексеру және кедергісін өлшеу, сондай-ақ ғимараттың фронтонында есепке алу құралын монтаждау тапсырмаларын орындады.

Әлия АМАНТАЕВА,

Мұхтархан МАХМҰТ