Мақсат – он бағытты жүзеге асыру
Мақсат – он бағытты жүзеге асыру
348
оқылды

Жиында Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов төрағалық етіп, Қазақстан коммунистік халық партиясы Түркістан облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерахан Ахмет, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық пар­тиясы Түркістан облыстық филиа­лының төрағасы Нұржан Ажи­метов, «Ақ жол» демократиялық партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Бақытжан Бейсенбаев, Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дінмұ­хаммед Абсаттаров сөз сөйлеп, үндеу ұсынды.

Коалицияда Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов үндеудің маңызын айтып өтті.

– Ел үшін аса маңызды осы тарихи сәтте және Қазақстан да­муының жаңа кезеңінде біз Елбасы бағытының бірлігі мен қолдауын көрсетуге тиіспіз. Біз барлық қа­зақ­­стандықтарды тұтастыққа, бірлікке және біздің негізгі құн­дылықтарымызға ұқыпты қарауға шақыруымыз керек. Қазақстан жолының сабақтастығы барша­мызға байланысты. Түркістан об­лыстық «Қазақстан – 2050» демо­кратиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы атынан біз ел азамат­тарына тиісті үндеу дайындадық. Бүгін оны қабылдауға болады. Бұл мәлімдеме Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету жөніндегі біздің одан ары бірлескен жұмысымыздың негізі болуы тиіс. Мақсатымыз – алдағы міндеттерді экономика, елдің мүддесі мен халықтың әл-ауқатының тұрақты дамуы үшін аянбай жұмыс істейтін әрбір азаматқа жеткізу. Тәуел­сіздікті көздің қарашығындай сақтап, әрбір қазақстандықтың жағдайын жасауымыз керек, – деді Нұрмахан Жолдасов.

Жиын соңында коалиция мү­шелері мен партия жетекшілері қолдап, үндеу жарияланды. «Біз барлық түркістандықтарды ын­тымаққа, бірлікке және қазақ­стан­дық даму жолының басты құн­дылықтары – қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты, этноса­ралық және конфессияаралық бейбітшілік пен төзімділікті сақ­тауға шақырамыз.

Біз барлық қоғамдық-саяси күштерді сайлаудан кейінгі кезеңде еліміздің стратегиялық мақсаттары жолында бірігуге шақырамыз.

Біз Қазақстан Президентінің ел дамуының өзекті мәселелеріне қатысты билік пен азаматтық қ­оғам арасында тұрақты және конс­труктивті диалог құру бас­тамасын қолдаймыз.

Біз жалпыұлттық диалог және өзара қарым-қатынас институты ретінде Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына қатысуға дайынбыз.

Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген еліміздің дамуына қатысты басымдықтар мен жаңа міндеттерге сөзімізбен де, ісімізбен де қолдау көрсетуге және Елбасының тәуел­сіздікті күшейтуге, елді жүйелі жаңғыртуға, әрбір қазақстан­дық­тың әл-ауқатын арттыруға бағыт­талған саясатын бірлесіп жалғас­тыруға ниеттіміз.

Біз тек бірлігімізбен қойылған барлық мақсаттарға қол жеткізіп, ортақ Отанымыз бен еліміздің барша азаматтарының игілігі мен гүлденуін қамтамасыз етеміз!» делінген.

   

Түркістан облысы