Сақ жүрген абзал
Сақ жүрген абзал
423
оқылды

Түркістан облысы полиция департаментіне қарасты Түр­кістан қалалық басқармасы­ның полиция қызметкерлері күдікті азаматты ұстады. Бұл – жедел-профилактикалық іс-шара нәтижесі.

2019 жылдың маусым айының басында Түркістан ҚПБ-на арыз түседі. Арызда көрсетілгендей, Түркістан қаласының тұрғынын белгісіз азамат ұрып соғып, тонап кетеді. Аталған жайтты қалалық полиция басқармасы тіркеуге алады. Қылмыстық кодекстің 191-бабы «Тонау» бойынша қылмыстық іс қозғалады. Арыз келіп түскен күннен бастап тәртіп сақшылары әрекетке көшеді. Тұрғындар мен куәгерлерден сұрақ-жауап алып, қаланың демалыс орындарын түгелдей тексерді.

Нәтижесінде, Түркістан ҚПБ қызметкерлері жедел-іздестіру барысында қылмысқа күдікті ретінде жасы 40-қа таяған аза­матты тұтқындайды. Күдікті облыс тұрғыны екен. Жіті тек­серуден соң қылмыстың мән-жайы анықталады.

Тергеу жұмысы көрсеткендей, күдікті демалыс орындарының бірінде алкогольді ішімдік ішкен. Сол жердегі белгісіз бір азаматқа себепсіз тиісіп, Samsung маркалы ұялы телефоны мен басқа да бағалы затын ашық түрде тартып алған. Қазіргі таңда жоғарыда аталған бап бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған.

Түркістан ҚПБ полиция қыз­мет­керлері облыс тұрғын­да­ры­на ескерту жасады. Көшеде және қоғамдық орындарда белгісіз азаматтармен тілдескенде мұқият болуға шақырады. Сондай-ақ ұялы телефонды ішкі қалтаға салып жүруге кеңес береді.

Бұл – департамент тынысынан бір ғана мысал. Полиция қызмет­керлері тұрғындардың қауіпсіз қоғамда өмір сүргенін қалайды. Қауіпсіздік кепілі – сақтану. Сақ жүрсең – сау жүресің.