Әріптесіміз – жүлдегер!
Әріптесіміз – жүлдегер!
310
оқылды

– Журналистер қашанда ел­дік мәселені қаламына арқау ете ала­ды. Тіл мәселесіне келгенде де сіз­дер­дің алар орындарыңыз ерек­ше. Қоғамда болып жатқан жайт­тарға бірінші болып елең­дей­тін, би­лік пен бұқара ара­сын­дағы ал­тын көпір, заман көшінің алға озуы­на ықпалын тигізіп жүре­тін жур­налистердің алар ор­ны ерек­ше. Журналистер – қа­шан­да жаңа­лықтың жаршысы, – де­­ген Мә­дениет және спорт ми­нистрі Ақ­тоты Райымқұлова жур­налистерді төл мерекелерімен құт­тықтап, шы­ғармашылық же­тістік тіледі.

Мемлекеттік тілдің сойылын со­ғып жүрген журналистер ара­сын­дағы конкурстың салтанатты ма­рапаттау рәсімінде мемлекет­тік тілдің ахуалы туралы мақала­ла­ры­мен, эфирге шыққан хабар мен бағдарламаларымен көзге түсіп жүрген журналистер «Үздік ма­қала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» номинациялары бойынша жүлделі орындармен ма­рапатталды.

Дәстүрлі байқауға 118 автор­дан 246 материал келіп түсті. Ере­жеге сәйкес ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журна­лис­тік еңбектердің мазмұны мем­ле­кеттік тілдің қызмет ету аясын кеңей­туге, мәртебесін нығайтуға, қа­зіргі мемлекеттік тілдің ахуа­лын талдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.

Конкурсқа келіп түскен ма­те­риалдарды елімізге белгілі қа­лам­гер, журналистерден құрал­ған арнайы қазылар алқасы са­рап­тап, жеңімпаздарды анық­та­ған.

Осы конкурста «Үздік ма­қа­ла» номинациясының жүлделі ІІ орынын әріптесіміз Халима Тә­жіқұл иеленді. Жүлде қоры – 350 000 теңге.

Сондай-ақ жүлдегелердің ара­­сында аттары озып, мерейі та­­сыған әріптестеріміздің қата­рын­да «Қамшы» ақпараттық пор­талының бас редакторы Бе­рік Бейсенұлы, «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Азамат Есенжол, «Қазақстан» ұлттық арнасының ре­дакторы Нартай Аралбайұлы, «Огни Алатау» газетінің тілшісі Ат­салим Идигов, «Шалқар» ра­диосының редакторы Гүлбану Мұх­тарқұлова бар.

«Мемлекеттік тіл және БАҚ» бай­қауының бас жүлдесін «Еге­мен Қазақстан» газетінің жур­на­листі Бекен Қайратұлы жеңіп ал­ды. Жеңімпазға 1 000 000 тең­ге­нің сер­тификаты табысталды.

«Бүгінгі жеңімпаздар үшін лайық­ты жеңіс болды деп есеп­тей­мін. Тек тіл ғана емес, ұлты­мыз­дың мүддесін қорғайтын жур­налистер әрбір мақаласын жа­нын жеп, қаламын қайрап жа­зады. Әсіресе, тіл мәселесіне кел­­генде табандап тұрып алады. Еңбектері жанды», – дейді қазы­лар алқасының мүшесі, «Егемен Қа­зақ­стан» газетінің бөлім мең­геру­шісі Талғат Батырхан.

Иә, айтса айтқандай, тілдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүретін әріптестеріміздің бұл жолда еткен еңбегі көзіқарақты оқырманға мәлім. «Мемлекеттік тілдің мәртебесін жүлде алу үшін көтермейміз. Ол – біздің мін­деті­міз. Дегенмен осылай елен­ге­ні­міз­ге қуаныштымыз» дейді өзі.

Сондай-ақ шара барысында 2019 жылғы мәдениет, спорт, ту­ризм, тіл салаларын бұқаралық ақ­парат құралдарында жан-жақ­ты насихаттауға үлес қосқан жур­налистерге Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райым­құлованың алғысхаты табыс­тал­ды. Марапаттау кеші концерттік бағ­дарламамен жалғасты.